Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Өзімді оқыдым...

Блоги

18.07.2017
7108

Өзімді оқыдым...

Өзімді оқыдым...

***

 

Түнгі Аспанға қарасам, түнгі Аспанға... Түнгі Аспанмен сөйлесіп, ымдасқандай күбірлеймін еріксіз өз-өзімен... Сөз шығар - Өмір деген. Ой шығар - өлім деген. Түн Əулие - көрініп, көрінбеген. Əулие. Мəңгілік ғұмыр кешер сеніменен көзімнен жұлдыз ағып жатқан сынды, шексіздік екінімді түсінгендей, тағы да бір кеңістік тапқан сынды, тағы да бір уақыт жолыққандай, таңғажайып тылсымды күй кешемін, кешетін шақтарымды анық біліп, болашақпен бір сəтте үйлесемін. Яғни, ұмытшақ өмірімді, ерксіз ерігімді - еркіндік деп, келетін күндерімді есіме түсіремін. Өткен күнді күтемін, сағынамын... Сезік. Үміт. Түнгі Аспанға қараймын, түнгі Аспаннан Біреу мені үнемі көретіндей... Дəл бүгін келетіндей.... Абыржып, Аспанға қарай берем... Қарай берем.

 

***

 

Тіле. Өзіңнен тіле, сұра өзіңнен. Өзіңде - мəңгілік сəт сайын жаралған. Сəт сайын жоғалған ойларың оралсын, гүлдесін. Гүлдесе, көзіңнен сөз тамар мөлдіреп. Басталар басқа əлем жүректе. Күн туар күлімдеп тілекте. Өзіңнен тіле. Қадырың кетпесін өзіңе. Қадыр түні. Көктесін күдігің, күдігің көктесе, бір тамшы жаспенен басқа əлем жазылар, оқылар шындығың бір тамшы жаспенен. Пой, сосын Ой ұшыр алақаныңнан, алақаныңнан сөз ұшыр, тағдырлас! Енді бұдан былай Құдай ақыл айтпайды біздерге. Айтқан Ол, уақытқа серт етіп. Ал енді Арлы кім?! Арсыз кім?! Жазған. Жазылған барлығы. Өзіңді оқы. Қадыр түні ұлымасыншы құлықының. Тек қана Өлең түседі Аспаннан бұл Түні.

 

***

Сезіктің көзімен қарасақ... Келе жатырмын. Бəлкім, сенен кетіп қалған шығармын болашақ. Сонша саған неге асықпын, неге ғашықпын? Білмедім. Білеремін, жүзімді сағыныш даусымен жуғанда. Жұлдызым оңымнан туғанда; білермін, əділет көздерде күлгенде, мейірім көктеген үндерде махаббат қанатын қақанда; білермін, өртенген қызғаныш күл болып өзендей аққанда, ол өзен кəусарға айналған кештерде; қиянат тапталып, көміліп, көмілген төбеге аппақ гүл өскенде - білермін.

Сен неткен көркемсің! Сен неткен сұлусың, сүйкімді. Сен жайлы ойласам маңайым əн шалқып, кірпікке мөлдіреп күй тұнды. Мен сені сағындым, мұңдасым аяулы құрдасым - Болашақ!


Поделиться:      
Оставить комментарий: