Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПРОЗА
Қара күшік

Блоги

12.02.2024
3970

Қара күшік

Ол қайтадан әйеліне барды, қосылайық, танысайық деумен болды. Бірақ оның сөздеріне әйелі селт етпеді. Тіпті оның түріне қарап, балалар көретін мультфильмдердегі "Снежная Королева" сияқты жүрегі мұз болып қалған ба дейсің. Әрине, оның да көңілі әбден суып, тас болып қалғанда...

Қайтар жолда көлікке мінбей тұңғиық ойға батып келеді. Тек артынан қайдан пайда болғанын бір қара күшік ілесіп қалмады. Түннің де бір уақыты болып қалған шама. Жол бойынан ары-бері қатынаған көліктер де көрінбейді. Үстіне бір ауыр жүкті арқалап алғандай аяңдай басып, терең ойға шомылып келеді. Ал қасындағы сол қара күшік оның жан дүниесін түсінгендей, сырын ұққандай асықпай басып, артынан қалмай келеді. Кең далада екеуі бір-біріне мұңдарын шағып келе жатқандай еді. Бұны ол тек жақсылыққа балап, өмірге деген үміті қайта оянып, арқалап келе жатқан жүгін үстінен тастағандай болды. Бойында бір үміттің ұшқыны оянып, қара күшікті тастамай өзімен бірге ерте келді. Ертеңгісін ұйқыдан тұрып сыртқа шыққанда қара күшік жоқ болып шықты. Келіні оның өзімен ілесе дүкенге барып, сонда адасып қалғандығын айтты. Ол жалма-жан қайта киіне, сол дүкен төңірегінен іздеуге шықты. Қайтадан сол қара күшікті тапты. Ол болса арсалаңдап, оған өз өкпесін айтып жатқандай еді. Оның өмірге деген ынтасы, құштарлығы қайта оянғандай сезімде болды.


Поделиться:      
Оставить комментарий: