Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
Қазақ әдебиетінің абызына арналған жаңа зал ашылды

Блоги

28.07.2021
4213

Қазақ әдебиетінің абызына арналған жаңа зал ашылды

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының ұйымдастырушылық-қаржылық қолдауымен қазақ әдебиетінің абызы Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы залдың ашты. Жиын барысында «Ә.Нұрпейісов шығармашылығы және әлемдік әдеби үдеріс» атты халықаралық онлайн конференция ұйымдастырылды.

 

Жиында алғаш сөз алған ҚР Мәдениет жіне спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы қатысушыларға сәттіліктілеп, былай деді:

 

- Оның бір ғана «Қан мен тер» трилогиясы мен «Соңғы парыз» дилогиясы күллі қазақ әдебиетінің табысы десек қателеспейміз.Өздеріңізге мәлім, «Қан мен тер» трилогиясы 30-дан астам шет тілдеріне аударылды,дәл осы шығарманың желісі бойынша 2 бөлімнен тұратын кинотуынды түсірілген. Ол Арал теңізінің тартылып бара жатқанына алғаш болып қабырғасы қайысып, «Соңғы парыз» романы арқылы Арал экологиясына дүниежүзі қайраткерлерінің назарын аудартқан қазақ қаламгерлерінің ақсақалы. Жазушы Ә.Кекілбайұлы бұл шығарманы ұлттық прозамыздағы оқшау құбылысқа, жаңа әдебиетіміздің жаңа арнасын салып беретін алғашқы мұз жарғышқа теңеді.

    

Келесі сөз кезегін «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Төлеубайұлы Салжанов алып, былай деді:

 

- «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры 10 жылдан астам қазақ әдебитінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатыр. Бірнеше жыл бұрын қорымыз қазақ классигы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» және «Қан мен тер» шығармаларын ағылшын, француз және швед тілдеріне аударып, баспаға шығарып, осы мемлекеттерде таратты. Бүгінгіде осы үлкен шараға демеушілік білдіргеніміз – біз үшін үлкен бақыт деп есептейміз. Болашақта да «Алтын Қыран» қазақ әдебиетінің дамуына үлесін қосады.

   

Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы оқу залының қоры 3000-ға жуық. Оның ішінде 300-ден астам кітап, 100-ден астам журнал, 46 аудиовизуалды материалдар және қаламгерге қатысты тағы да басқа мәліметтер бар. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қолжазбалары, белгілі орыс жазушыларына, классикалық жазушыларға, әдебиетшілерге, қоғам қайраткерлеріне жазған хаттары ерекше құнды. Сондай-ақ жазушының мемориалдық коллекциясы ұсынылған: жеке жазу үстелі, кресло, үстел сағаттары, естелік қаламдар, кәдесыйлары, грамоталары, шахмат және т.б. Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің кітаптар жинағында 1950 - 1960 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі шығармалар жинақталған.

  

Залға сондай-ақ, Қазақстан жазушыларының көп томдық және жеке шығармалары, «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиеті кітапханасы», «Сырдария кітапханасы», «Отырар кітапханасы», «Алтын қалам», «Қазақ прозасы қазынасынан», «Атамұра кітапханасы» және т.б сериялы басылымдар қойылды.

 

Залды ашудағы мақсаты – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық мұрасын, жинаған кітапханасын елге таныстыру, кітап және кітап оқуды ілгерілету, кітапхананың имиджін көтеру. Сондай-ақ, қаламгердің  шығармашылық мұрасын зерттей отырып, қазақ классикалық және қазіргі заманғы әдеби шығармаларды жастардың оқуына ықпал ету, оқу мәртебесін көтеру, кітапханаға оқырман тарту, оқу мәдениетін дамыту және жас ұрпақтың зияткерлік деңгейін арттыру мен рухани танымын байыту.

   

Оқырмандар үшін классикалық стильде, бай мұрасымен, заманауи жабдықтар жабдықталған оқу залы заманға сай жасалған. Алдағы уақытта оқу көрсеткіші мен қазақ әдебиетінің мәртебесі арттыру үшін оқу залында клубтар мен үйірмелердің және поэзия кештер ұйымдастырылады.

   

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов, , мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы Мырзатай Жолдасбеков, «Либерти» баспасының негізін қалаушы, Нью-Йорк (АҚШ) Илья Левков, белгілі орыс жазушысы, аудармашы, драматург (Россия) Анатолий Андреевич Ким, профессор, Академиялық Пальма ордені, Бейбітшілік және келісім үшін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Альберт Фишлер, белгілі орыс жазушысы, журналист және баспагер, қоғам қайраткері, Ресей әдебиет академиясының академигі Георгий Пряхин, жазушысы, аудармашы, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Пекин Халық университетінің Құрметті профессоры Акбар Мәжитұлы, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығының өкілі Константин Павлович Воробьев, Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан Қазақстандағы Жапон Елшілігінің бірінші хатшысы Киносита Юя, ақын, Қазақстан жазушылар одағының басқарама төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Смағұл  Елубай, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов және т.б. қатысты.

   

Болашақта Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы керемет оқу залында шығармашылық және поэзия кештері ұйымдастырылатын болады.


Поделиться:      
Оставить комментарий: