Блоги
ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ЯКУТИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА
Күні кеше наурыздың 15-і күні Якутияның Ұлттық кітапханасында 21-ші Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.
Екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлері де, әсіресе соңғы жылдары олардың арасындағы айырмашылық әдебиет саласымен де тығыз байланыста.
Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы Якутиялағы (Саха) оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.
Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылды. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылды. Бұл кітаптар Якутия оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.
Айта кетелік, Ресейде мұндай орталық тек Мәскеудің Ұлттық кітапханасында ашылған болаты. Қазіргі таңда бұл екінші ашылған орталық. Якутияның Ұлттық кітапханасының Бас директоры Саргылана Максимованың айтуынша:
- «Бұл Якутия мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытудың маңызды іс-шара болып табылады.»
Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері Дариға Дәуренбекова:
- «Мұндай орталықтар әлемнің жетекші кітапханаларында, соның ішінде АҚШ конгресінің кітапханасында да бар. Биылғы жылы біз бірнеше орталықты бірден ашуды жоспарлап отырмыз. Біз Якутиямен жақсы қарым-қатынас орнаттық, бірақ әлі күнге дейін Якутиямен бірге жұмыс істей алатын көптеген жобалар бар»-деп, топшылады.
Якутия мен Қазақстан жазушылар қоғамдастығының арасындағы байланыстарды еске сала отырып, ақын Николай Урсун:
- «Совет жылдары Якутия мен Қазақстан арасындағы байланыстардың орныққанын айтты. Алмасу аясында екі халықтың жазушыларының антологиялары, сондай-ақ шығармаларын ұлттық тілдерге аударылғандығы да айтылды».
Іс-шара барысында екі кітапхана арсындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылды.
Болашақта Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы Якутияның Ұлттық кітапханасының электронды каталогтарына, сондай-ақ онда сақталған барлық цифрлы кітаптарға қашықтан кіру мүмкіндігін алды.