Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Қазіргі махаббат сұқпыты

Блоги

12.12.2017
4662

Қазіргі махаббат сұқпыты

Махаббат деп күйіп жанған қаншама,

Бұл таныс іс әрбіріңе, баршаңа.

«Сезім» деп, жел көңілге мауығып жүр.

Сол «жел сезім» қанша әуреге салса да.

Жыр оқимыз, мөлдір сезім шындық деп,

«Баян-Қозы» бір-біріне ынтық деп.

Шын өмірде махаббат ол бір бөлек.

Жүрміз біздер құр желікті,

«Ой, керемет!», «Сұмдық» деп.

Шын сенісу бек серттесу, жоқ қазір.

Жылтыр бетке жігіттің ынтығы әзір.

«Ез» деймін, «ер» демеймін ондайларды.

Ерген соң, қу нәпсіге оңбай азғыр.

Тамсану бар, сұлулыққа, табыну,

Тағы бөлек, ерсымақсып жағыну.

Опасыздық – өз алдына бір бөлек.

Опасыздық – сап-сау жүріп қағыну.

Осыдан соң шын сезімге сеніп көр!

Жүрегіңе үміт дәнін егіп көр.

Не де болса, уақыт берер жауабын.

Жүрегім-ай, бұдан былай берік бол!


Поделиться:      
Оставить комментарий: