Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Сағындым туған ауыл алтын тұғыр.

Блоги

02.09.2017
9685

Сағындым туған ауыл алтын тұғыр.

Сағындым  туған ауыл алтын тұғыр.

Сағындым  туған ауыл алтын тұғыр.

Көне сүрлеу

Таныс сыр

Ыстық мекен

Құшағыңды ащсаңшы қастық етпен

Бүгінде мен білмеймін адастым ба

Ізеп жүрмін бір қырды жастық өткен

 

Тыным таппан

Аңсаймын

Іздеп кетем

Тасынамын, суыймын сөзден бөтен         

Қайда кетті қай жақта жолықсаңшы

Табайыншы, құшайын түзден бөтен

 

Мұздап тұрып

Күлермін

Жасырармын

Сенбей тұрып, кешермін, асығармын

Бақытпенен арбалған құзды көріп

Ұмтылармын, жетермін, ашығармын

 

Ғайып болдым

Өшермін

Лапылдармын

Жоғалғанмен іздермін, қабылдармын

Құм астында  жазылған ізді жалғап

Арман болам, сырласам, табылармын

 

Зарықтырсын,

Шаршатсын

Төздім білем

Маскалардан сан қабат бездім, кетем

Мүдделерсіз, есепсіз сезім іздеп

Күрескенмін, адастым, сездім, жетем

 

Іздемейтін

Күтпейтін

Сағынбайтын

Бөтен жүрек, күрең күз бағынбайтын

Үрме намыс, жылтыр ой, нұрсыз бақыт

Жалықтырды бір қауырт тақымдайтын

 

Кешіктім бе

Жоғалттым

Адастым ба

Жайы бөтен бұл шақта құрдастың да

Затсыз дене, үнсіз ой жатта қалып

Тәтті сезім ұрланды бұрқасында

 

Күдіктермен

Арманмен

Үміттермен

Минут, жылдар есепсіз үгіттелген

Жалғыз ғана жүректе бәйшешек үн

Сақталыпты, солмаған,, үсік көрген

 

Асылым да

Ағысым

Заңдарым да

Жусан иіс, қоңыр үн таңдарым да

Бәрі-бәрі тағдырмен бағыт алып

Асыға  ма, өзгерді аңғардым ба

 

Қыран тағдыр

Теңіз сыр

Түкті жүрек

Мұқалмайтын өр мінез текті тірек

Қайран менің көне көз қарттарым-ай

Кеттің қайда оралмай бетті түзеп

 

Ботақаным

Құлыным

Алтыным деп

Еркелетсең қуанғам алқынып кеп

Қолды жайып ақ пейіл бата берсең

Өр қырандай самғадым, талпынып көп

 

 

Ризығы да

Тілеуі

Арманы да

Үстем заңы, тұнық сыр, қорғаны да

Бәрі-бәрі ауылдың ортақ еді

Қарашықтай сақталған арларында

 

Әлсіздердің

Жетімнің

Жесірлердің

Жолдан тайған бұзақы есіргеннің

Жолын тосып, ғасырлық дәстүрменен

Қорған болдың, оттарын өшірмедің

 

Атақты да

Ақшаны

Мақтауды да

Ар алдында жат көріп даттауды да

Ізін жалғап бақиға кеттің бекен

Бізге тастап кезекті, жоқтауды да

 

 

 

 

Жұмақ көрген

Тамсанған

Асықтырған

Жеміс-жидек жақұты тасып тұрған

Жалғыз қолды,  қарт батыр бағы қайда

Біздің үйден сәл ғана қашық тұрған

 

Қарайлаймын

Сенбеймін

Сағынамын

Аяң басып туған жер жалынамын

Самалыңмен тербетші, жат көрмеші

Адастым-ау тағдырға бағынамын

 

Қос бұрымды

Ақ бантик

Нәзік үнді

Періштедей бақ көрген бесігіңді

Теңіз арман, жалын рух шағым қайда

Қайтаршы  бір, тербетші төсің кеңді

 

Армандаған

Еркелеп

Сағым қуған

Қызың едім құшағың сағындырған

Айтшы бүгін сездің бе, ұғасың ба?

Тұнық сырды, теңіз күш бағындырған

 

Аңсағанмын

Шөлдедім

Сағынғанмын

Алып ұшып жүрекке бағынғанмын

Қайда қалды ауылым тұғырым деп

Іздегенмін мұңымды тағынғанмын.

 

Сенің көлің

Самалың

Тау бұлағың

Масатыдай құлпырған бал құрағың

Ыстық екен тым қымбат жүрек үшн

Армандайтын, сағынып шын тұратын

 

Сенсіз  арман

Мақсатым

Үміттерім

Сыйлармеді  жүрекке күдіктерін

Жапан түзде қаңғырып жүргендей боп

Адастым ба, құладым, ұсіппе едім

 

Сенен көрдім

Сезіндім

Жылынғанмын

Бақыт тауып тағдырға бағынғанмын

Енді бүгін іздесем табылар деп

Асығамын, күтемін, жалынамын.

 

Алтын тұғыр

Ауылым

Құт мекенім

Тербетші бір төріңде жат демегің

Балғын күндей еркелеп, бір демалып

Қайтайыншы жазылып шер дегенің.

 

                   Ауылым-алтын тұғырым

Сүрлеу жолдың бойында қажып келем

Қажып келем сезімнен қашып келем

Асау толқын жылдардың арасынан

Бақытымды табардай тасып келем

 

Тасып келем өзімен сасып келем

Аяқ жансыз, ой ғарыш,  басып келем

Сағындырған, аңсатқан тұғыр қайда

Адастым ба, кім білсін қашық бекен

 

Қашық бекен, қай жақта, қалай табам

Сағым елес, қаңбақпын, жаттай ғалам

Мазағына тағдырдың енді қанша

Көне берем, шаршатты, оттай жанам

 

Мен қалаған бүгінде бағым қайда

Жүгенсіздеу қайтейін бағынбайма

Қолын бұлғап, жетелеп құзға сүйреп

Құлатар ма кім білсін жалын бойда

 

Зарықтырсын, шаршатсын бірақ қайдам

Туған ауыл кетпейсің жырақ ойдан

Жеткім келіп іздеймін, шарқ ұрамын

Таба алмаймын, адастым тұрақ сайдан

 

Мен ойнаған бір кезде далам қайда

Сағындың ба, алсаңшы балаңды ойға

Жат көрмеші, кеудемнен итермеші

Шаршадым ғой, уақыт та жалаңдайма

 

Қайда ұрладың періште шақтарымды

Қанбадым ғой, жүрек сыз ақтарылды

Жұлдыз арман, теңіз сыр болсам дағы

Қайтаршы бір, шарлайын бақтарыңды

 

Баяғыдай, күлейін жүрейінші

Төсіңде ойнап, гүліңді терейінші

Бірақ маған сырыңды, айлаңды да

Көрсетпеші, бақытқа ерейінші

 

Күресейін, сенейін, армандайын

Пәк болайын, қайғысыз жайраңдайың

Желдің өтін, құз шыңды байқамастан

Өткерейін, төзейін тарландайын

 

Қайтаршы бір балалық достарымды

Сырласайын, тоқтатшы тастарыңды

Онсыздағы сүйектен өткен жоқ па

Шаршадым ғой, аңсадым асқарымды

 

Баяғыдай бауырмал халқым қайда

Хал сұрайтын шынайы салтым қайда

Күйбеңменен аптығып жүрген кезде

Адастым ба, жоғалттым, қалдым қайда

 

Көзін көрген әжемнің қартым қайда

Данасы еді ауылдың, парқы бойда

Бақи жаққа неліктен асықты екен

Сағындым ғой,  қайнары сарқылмай ма

 

Ауылдағы қой кезек шағым қайда

Картоп, тұқым жасырған шағын ойға

Енді бүгін бәрі де сағым болды-ау

Жеткізбейсің, сағындым, бағым ойда

 

Сол жылдары сыныңды біліппе едім

Жылап тұрып туған жер күліппе едім

Жұмақ көрген, қызыққан бұл ғаламның

Өткінші шақ жалғанын сезіппе едім

 

Жақынымды ең алғаш жоғалтқанда

Қимас сезім жүректі жылатқанда

Сене алмастан жолыңа қараппын ғой

Алып ұшып, сағынып мұңартқанға

 

Мейлі күнге қайтейін амал бар ма

Түстей өтер, сөгілер қамалдар да

Жалғыз ғана ауылым құшағыңның

Тал бесігі жұмақ қой амалдарға

 

Сендей маған жайлы орын табыларма

Бақыт тауып, қайғыдан арыларға

Ұзақ жолдан шалдығып, шаршап келдім

Төсіңді ашшы, жүрегім жарыларма

 

Баба жолын менде бір аралайын

Сырыңды ұғып, сыныңа қарамайын

Бесік болар мәңгілік тұрақ болса

Ізің болып соңыңнан   жаралайын.

 

 

 

 

 

 


Поделиться:      
Оставить комментарий: