Сен деп соқты бұл жүрек
Саған деген сыйластығым бір бөлек,
Сені сүю жүрегіме заңдылық.
Сен деп соқты бүгін мендік бұл жүрек,
Саған ғана бойымдағы бар қылық.
Бір үн шықса жүрегімнің тұсынан,
Іздеп сені ауа жетпей қысылам.
Сен деп ғана соғар мендік бұл жүрек.
Жүрегімнің төрін саған ұсынам.
Махаббаттан басқа менде қалмай мұң,
Жүрекке енді ауыртпалық салмаймын.
Сен деп соғып жатыр мендік бұл жүрек.
Махаббатты ән қып саған арнаймын.
Айналамда сұлулар көп қаптаған,
Мен олардан сезім дәмін татпағам.
Мәңгілікке сен деп соғар бұл жүрек,
Саған деген ақ сезімін сақтаған.
©Камал ҰЗАҚ
