Блоги
Все
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
КРИТИКА
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
МОЕ МНЕНИЕ
ГЕНЕАЛОГИЯ
ЗНАНИЕ
ИСКУССТВО
АУДИО
ПОСЛОВИЦЫ И ПОГОВОРКИ
ВИДЕО
ИСТОРИЯ
ШОУ-БИЗНЕС
ЛАЙФХАК
РОМАН
СТАТЬЯ
11.12.2020
3447
Сөнбесінші жанардағы жарқылың

Өмір осы - бір қуаныш, бір қайғы,
Жаңалықтар сәтін тосып тұрмайды.
Сын артынан күтіп тұрар сый тосын,
Бәрі өткінші, тек мойыма, сен досым.
Риза болсаң Алла берген өмірге,
Сабыр келер тыншымаған көңілге,
Тек көңілдер суымасын, алтыным,
Сөнбесінші жанардағы жарқылың.
Түн артынан күн шығады әрқашан,
Дүние кезек айналады, байқасаң.
Жақсылықты көре білген адамға,
Өмірдің бар марапаты жап-жайсаң!
Поделиться:
Оставить комментарий: