Сүйем сені
Сүйем сені — жүрегімде жасырдым,
Айта алмадым, үнсіз ғана бас ұрдым.
Көзімменен жеткізем деп қанша рет,
Сезімімді өз-өзімнен асырдым.
Сен күлесің — менің мұңым білінбес,
Жан айқайым сырт көздерге көрінбес.
Сен үшін мен — жай бір ғана таныспын,
Ал мен үшін сен — өмірлік үмітсің
Күткен күндер, үміт толы түндерім,
Сен деп соққан әрбір нәзік үндерім.
Жауап таппай, қайтып келмес сағыныш,
Жүрегімді жаралаған күндерім.
Сен бақытты — мен соған да ризамын,
Тек өзімді жұбата алмай қиналдым.
Сенсіз өмір сүре алам деп айқайлап ,
Ішімдегі шындығымды жасырдым.
Ұмытайын десем-дағы, ұмытпай,
Әр елестен сенің бейнең құтылмай.
Жауапсыз бір махаббаттың ішінде
Өзімді де, бақытымды. жоғалттым…
Ең ауыры — саған керек болмауым,
Сүйе тұра, сыртта қалып қойғаным.
Жүрек деген сен деп соғып тұрса да,
Сенің оған бір сәт назар салмауың…
