Главная
/
Блоги
/
ПОЭЗИЯ
/
Шымылдық І

Шымылдық І

30.10.2021 6235

Шымылдық астындағы жас келін,

Жатырқап тұр жаңа келген үй мен жерін.

Өз жұртын сағынғанса да амал қанша,

Қияды бақыты үшін туған жерін.

 

Кез келгенде мен де отырамын шымылдық астында,

Отырар «жеңгелеп» қайын сіңілдер қасымда.

Мұндай ойлар бұрын менде болмайтын,

Уақыт деген есейтеді-ау расында.

 

Ардақты қыз, мейірлі келін, аяулы ана,

Бұл менің арманымның басы ғана.

Жеңгемдей ұзатылып үйімнен,

«Бағы» болсам басындағы ғашығыма.

Оставить комментарий: