Блоги
СЫР ШЕРТКЕН СУРЕТ
СЫР ШЕРТКЕН СУРЕТ
Халел Ғаббасұлы алғашқы бастауыштық, одан кейінгі гимназиялық білімді Семей шаһарынан алады. Семейден кейін Халел Ғаббасұлы оқуын Мәскеуде жалғастыруға бел буып, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университетте оқып жүріп студенттердің ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылады. Халел Ғаббасұлы ізденіп жүріп университетке қайта қабылдану мүмкіншілігіне ие болады, бірақ Семей губерниясынан заң факультетіндегі шәкірттерге стипендия бөлінбейтін болғандықтан, физика-математика факультетіне қабылданады. Ол осы факультетті алтын медальмен тамамдайды.
Мәскеудегі студенттік жылдары Ж.Ақбаевпен бірге Петроградқа барып, Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Мемлекеттік Думаға қазақ халқының өкілін жібермеу туралы 1908 жылдың 6 маусымында шыққан заңның күшін жою үшін қажетті қарсылық құжаттарын дайындауға атсалысады.