Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов

Блоги

20.06.2018
6022

Тай-тай.

Тай-тай.


Тұсаукесерді өткіземіз
Жіпті кайшымен кесеміз
Жүрші кəнеки балам,
Сенің қасыңда болам.
Түзу жүрші жығылмай,
Жүгірмеші асықпай.

Қ-сы: Тай-тай бөпемай,
           Кəне жүрші балақай.
           Тай-тай бөпемай,
           Кəне жүрші балақай.

Сен бүгін үлкен болдың, 
Бақыт жолынды өттің.
Енді өстің балапан,
Келше, қасыма балам.
Енді өстің балапан,
Келше, қолыма алам.

Сен күліп маған келесің,
Алдап мені, сен өтесің.
Кəне анам, сен қара,
Тек маған жақындама!
Кəне анам, сен қара,
Тек маған жақындама!

Тұсаукесерді сен өттің,
Қорықпай сен жүріп кеттің.
Кəне ел маған қара,
Жүгірдім бара-бара.
Кəне ел маған қара,
Жүгірдім бара-бара.

Қ-сы: Тай-тай дəстүр-ай,
           Дастарханды кəне жай!
           Қонақты қарсы ала,
           Дəстүлер көп қазақта!
           Дəм татып қонағым кел,
           Өркендесін Қазақ ел!


Поделиться:      
Оставить комментарий: