Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПРОЗА
Терезеден көрінген қыз

Блоги

22.10.2020
5355

Терезеден көрінген қыз

90- шы жылдары селодағы көп қабатты үйлер қаңырап иесіз қалып жатты, өйткені шахталар жабылып Ресейден келген мамандар елдеріне қайтып жатқан кез, - деді Еркін досым әңгімесін бастай берді:

  • Анамның «Иесіз үйге жолама жын-шайтандар соғады» деген ақылман сөзі әрқашан жадымда. 2001 Жаңа Жыл мерекесі түні қаңыраған үйлердің бірінен қасақана өлтірген жас қыздың денесі табылғанын естідік. Бірақ полиция қанша із салғанымен қызды өлтірген қанды қол қылмыскер ізін жасырып, ұстатпай кетті...

Қаңтар айы, мерекеден кейін қызметке ерте барып аяқталмаған жұмыстарымды бітірейін деп таңғы сағат 700 кезінде үйден шықтым, түн қараңғылығы әлі түрілмеген көше бойымен қызметке келе жатырмын. Әлденеге асыққан бірлі-жарым адам болмаса көше жым –жырт, тек оқта-текте жол бойымен машиналардың жаныман гүр етіп өте шыққаны  болмаса.

Дала тымық, үп еткен жел жоқ, тек шыңылтыр аяз демесең, айлы түн сүттей жарық. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар ай сәулесіне шағылысып айналаға нұр сеуіп тұр.

Қаңтар айының ғажайып таңы жаныма шуағын шашқаннан көңілім көтеріліп жан-жағыма тамашалай қарап келемін. Алыстан мұнарлана көрінген орман сілемдері бір сәт тыныс тауып, терең ойға шомғандай, көгілдір аспандағы шарбы ақша бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ай нұрына бөленген ауылымың түнгі бейнесіне сүйсіне қарап, таңғы таза саф ауасымен кеудемді кере тыныстап аяңдай жүріп қыз жазым болған қаңыраған үйдің жанынан өте беріп, ай сәулесіне шағылысқан екінші қабаттағы терезеден бас киімсіз, шашы келте қиылған, үстіне куртка киген қыздың маған тесіле қарап тұрғанын байқадым.

«Таң атпай иесіз үйде жүрген қандай жүрек жұтқан қыз» деп ойлап, әрі қарай жүре беріп: «Жоқ, бұным адамшылыққа жатпас, мүмкін иесіз үйдің ішіне байқамай кіріп кеткен қыз көп пәтерлердің арасында адасып жүрген болар, оданда қыздың иесіз үйден шығуына көмектесейін» деп кері бұрылып, әлгі үйдің жанына барып едім, қыз көрінбеді, содан дауысымды естіп үн қатар деп «Әй қыз, сізге қандай көмек керек» деп айғай салдым. Көше бойымен өтіп бара жатқан жүргіншілер «Сені жын соғып кетті ме, ессіз үйге айғай салғаның не» деп жатқан соң «Ол қыз кім болды екен?» деген ауыр оймен жұмысқа келдім.

Қызметке келген соң қарамағымдағы қызметкерлерге қыз өлген иесіз үйден адасып жүрген бір қызды көргенімді оны үйден шығуға көмектескім келгенін, бірақ қыздың ұшты-күйлі жоқ болғанын баяндап «Жұмбақ қыздың» түр - түсін сипаттап айтып беріп едім, олар маған таңырқай қарап: «Шынында тас қараңғы үйде қыз неге жүреді және мынандай суықта жалаң бас болғаны да түсініксіз. Бірақ, сол үйде  қайтыс болған қыздың да, шашы қысқа қиылған, бас киімсіз, үстінде қызыл курткасы болғанын жұрттар айтып жүр. Мүмкін сіз қыздың аруағын көрген боларсыз!?.» деп жанымдағылар шу ете түсті. Мен не деп жауап берерімді білмедім. Өйткені жас кезімде «елестерді» көретінім бар - ды, бірақ анам мені емші - домшылардың алдына апарып, емдеткендей болған. «Енді «елестер» көруім қайта басталғаны ба?» деп ойланып қалдым.

Дегенмен күні бойы терезеде көрінген қыздың бейнесі көз алдыма келе берді. «Егер қыздың аруағын көре алатын болсам, онымен тілдесіп, із кесушілерге қылмыскердің кім екенін анықтауға неге көмегімді тигізбеске» деп ойладым да, бір шешімге келдім.

Сағат алтыда қызметтен шыққан соң қыз мерт болған иесіз көпқабатты үйге келдім. Түн. Қараңғылық қоюлана түскен. Қолымдағы фонаригімді жағып, иесіз үйдің ішіне ендім, пәтерлердің есіктері аңғал-саңғал, сәкілерінде шашылған қоқыстар. Кішкене жүрексінсем де, қызды өлтірген екінші қабаттағы пәтерге көтеріліп, қалта жарығымен қаңыраған бөлмелерді тінтіп шықтым, бұрынғы иелерінен қалған дүние-мүліктер шашылып жатыр екен. Сәкіге сіңген қою қызыл дақты байқап «Жазықсыз өлген қыздың төгілген қаны болар» деп жорамалдадым. Пәтер ішінде ешкімді байқамаған соң «Ақымақ, не түлен түрті екен сені» деп өзімді сөгіп қоямын. «Мүмкін терезеден көрінген қыз шынында адасқан қыз болар» деп кейін бұрыла беріп, жүрегім солқ ете түсті, аяғымды не алға, не артқа баса алмай тұрып қалдым, қарсы алдымда шашы қысқа қиылған, бас киімсіз, үстінде қызыл қысқа курткасы бар жас шамасы 23 - 25 тегі көркем қыз тұр еді.

Жалғасы бар

 


Поделиться:      
Оставить комментарий: