Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Тілім – менің қасиетті шежірем!

Блоги

12.12.2017
6183

Тілім – менің қасиетті шежірем!

Тілім менің қасиетті шежірем!

Сен тапталсаң мен де бірге езілемін.

Бабалардан аманат боп қалған тіл.

Сеннен безген адамға көп кезігем.

 

Тілім сенсің ұлтымның болашағы,

Бабам тілі, ұрпаққа жол ашады.

Тіл киесін ұқпаған арсыз, надан.

Өз ұлтынан безініп зыр қашады.

 

Бал тамған ана тілім, баба тілім,

Қақ жарған надандықтың қара түнін,

Тілім барда, қазағым да дін аман,

Ұлт пен тілдің қосалық ара жігін.

 

Нәрлі, мәнді, ана тілім бақ тілім,

Келер әлі алдан туар ақ күнің.

Тілді сүйіп қастерлейтін жанашыр,

Көбейер, аз болса да тап бүгін.

Шыда, шыда, Ана тілім! Бақ тілім!


Поделиться:      
Оставить комментарий: