Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
Төрт асыл мен бір масыл

Блоги

23.01.2019
4295

Төрт асыл мен бір масыл

Төрт асыл мен бір масыл

 

Ерте ерте ертеде
Шамамен таңғы бес пе екен...
Қорада тұрған төрт түлік
Санасып кетті дес бермей

 

Жеңілмейтін ешкімнен
Басталды сөз ешкіден...

 

- Бәрінен мықты жалғыз мен -
Деді әлгі тәкәппар, - 
Сапалы жүн мен берем,
Сүт пайдасы - бірқатар!

 

- Ұнамай түр қылығың,
Доғар! - деді сиырым, - 
Беретін бір етің жоқ,
Шолтиыпты бүйірің.

 

Болғандай-ақ күнің түн...
Қажетсіз қалды түбітің!
Сүт те, ет те беретін
Мен - малшының үміті

 

- Пайдам менің көл-көсір
Деген сөз бар ұмытпа.
Қанекей, қара! Былай тұр!, -
Деді бір қой бұрыштан.

 

Ет те, сүт те, жүн де бар,
Шығыным - нөл, санаңдар
Бұл туралы біледі
Жыл бойы мені жайғандар...

 

Жылқы тұрды жемін жеп
Сөз сайысын елемей
Пайдасы бар жалғыз мен
Деп ойлап тұр, үндемей

 

Сол мезетте қораға
Малшы кірді... көңілсіз
Бидайы өспей, бейшара
Қалыпты ол өнімсіз

 

Мал керегін ескермес
Кредит жабу ойында...
Жүген емес, жіп емес
Ұзыыыын пышақ қолында...

 

Сөйтіп әлгі төрт асыл
Кетті тіпті арзанға
Алып кетті бір масыл
Өріске емес.... құрбанға


Поделиться:      
Оставить комментарий: