Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Түнді көру

Блоги

19.05.2019
4743

Түнді көру

Түнді көру

 

 

Ай тамып... шашырап,
Жұлдыздар ойнайды төменде.
Теңіз тұр, 
Теректей шайқалып,толқындар-жапырақ,
Тамыры тереңде.
Жағады тылсымнан жанға сыр,
Жұмбағы,көк сыр ма,ақ сыр ма?..
Төгілген үкілі ән жатыр,
Аяқтың астында.
Ең соңғы тұнба ма,жартастар дүр қара,
Түннің ол көзі еді,түнді ол сезеді.
Қорымдай мұнда да,
Елестер кезеді.
Ағылған дыбыстар, 
Сол жаққа сіңеді.
Моншағы асылдан,тап-таза,
Ұйқысыз,түн кезіп жүреді.
Мойнына асылған,наздана,
Толқынның білегі.
Түн еді!..

 

Достың жан сыры
(немесе дос туралы жыр)

 

Қара бұлттай тас түйіп қас-қабағын,
Қабіріңе майысып тас қаладым... 
Қасиетің – бойыма сіңген әппақ , 
Қасіретім – самайға шашқан ағын.

 

Қайғырады достарың көрсе бізді, 
Көтертпеген қайғы, мұн еңсемізді...
Қақты тағдыр қатыгез, жан әкемнен, 
Аттанғанда жаңадан он сегізді! 

 

Ақын еді ел- жұрты еркелеткен, 
Ертегіге айналды ерке көктем.
Іздеп жүрмін жауқазын жырларыңды,
Жұпар исін аңқыған жел тербеткен! 

 

Ғажайып жыр жұртыңа сыйладыңыз,
Амал нешік, маңдайға сыймадыңыз.
Жаннат берсін жасаған, жаныңызға
Жарылқасын лайым иманыңыз!

 

Көкіректі қайғы-шер өртеп өткен, 
Тәттілігі өмірдің келте неткен!..
Көктемімен қоштасып қоңыр қазым, 
Қайран әке-ай, өмірден ерте кеткен! 

 

***

 

Өмірдің бұл өрнегі...
Көбелектің шыр айналып жүргені,
Үркек шамның үргені,
Білтелінің білгені.
Ай жарық!
Жыр жазуға,
Келе берем стөліме айналып.
Маған үріп тұрғандай...
Түн демі!


Поделиться:      
Оставить комментарий: