Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ»

Блоги

29.09.2017
6899

«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ»

«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ»

   Кітапханамызда жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы жазушысы Әуезов әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

   Кездесу барысында жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы және қоғамдағы рөлі жайында айтылады. Дөңгелек үстелдің үйлестірушісі – Иманғазы Нұрахметұлы.

   Іс-шараға ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты – Серік Тұрғынбеков, алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Қайрат Сақ, қоғам қайраткері – Ирак Елекеев, ғалым, кітапханамыздың ғылыми хатшысы – Камал Бұрханов, жазушы – Сәдібек Түгел және т.б зиялы қауым өкілдері қатысты.

   Белгілі ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбеков ағамыз: «М.Әуезов әлем әдебиеттерінің бастауында тұрған ерекше тұлға. Оның қоғамымыздың әр түрлі салалар бойынша жасаған еңбектеріне сөз жоқ. Елдің мерейі, Әуезовтың мерейі. Оның ұлы дүниесі ұлтқа, халыққа қызмет етті» дей келе, М.Әуезовтың кемеңгерлігі, ұлылығы жайында сөз етті.

   Ал, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ Мұхтар Әуезовтың тәлімгерлігі жайлы сыр шерте келе, жазушының кемеңгерлігі жайында сөз қозғады. Оның дүйім қазаққа белгілі «Абай жолы» романының ерекшелігіне тоқталады да бар қазақты Абай жолымен жүруге шақырғанын тілге тиек ете кетеді. «Қазақ кемеңгер боламын десе, Абайдың жолымен жүру керек» деді ол. Тіпті Әуезовті биік шыңға көтерген оның журналистік еңбегі екендігі және «Сарыарқа» газетінде белсене жұмыс жасағаны жөнінде әсерлі әңгімелер өрбітті.

   Мұхтар Омарханұлы Әуезов – әйгілі қазақ жазушысы, драматург және ғалым. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы. Оның екі томдық «Абай жолы» романы «Әлем әдебиетінің кітапханасына» енген болатын.


Поделиться:      
Оставить комментарий: