Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ЕРКІН ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ.

Блоги

29.06.2017
4921

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ЕРКІН ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ЕРКІН ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ.

    Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Алты тілді (қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше, қытайша, арабша) қысқаша этнографиялық сөздік» кітабының тұсаукесері болып өтті.

   Тұсаукесерге кітап авторлары: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі Ж.М. Хабиұлы, академик, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ.А. Қабыкенұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Әлімхан, Т. Жұртбай, Б. Көмеков, Б. Аяған және т.б. зиялы қауым өкілдері мен кітапхана қызметкерлері, оқырмандар қатысты. Сондай-ақ тұсаукесерді философия ғылымдарының докторы, академик Ғ. Есім жүргізді.

    «Сөздікте» қазақтың ұлттық салт-дәстүр ұстанымдары, тұрмыс-тіршілік үлгілері, киім киісі, үй-жай мен мал-мүлік иелігі, той-думан өткізу, ойын-қызықтар ұйымдастыру, кәсіби құрал-сайман пайдалану тәрізді іс-әрекетін білдіретін қазақ тілінің 1100-ден аса бірегей танымдық атаулары жинастырылып, олардың қысқаша түсініктемелері орыс, ағылшын, түрік, қытай және араб тілдеріне аударылды. Сөздердің қазақы оқылымын қамтамасыз ету мақсатында «Халықаралық фонетикалық транскрипцияда» қабылданған дыбыс таңбалары пайдаланылған. Тарихи дамуына байланысты қандай ұлттың болмасын басқа ұлттарда жоқ өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтары қалыптасқан.

  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д. Мыңбай.

  • Қайырлы күн! Сүйіншілеп келіп отырсыздар!

Қанша сөздік шықса да артық етпейді, қазақтың этнографиялық сөздігі тіптен артық болмасы хақ. Үлкен жобаның басы десек орынды болыр , себебі жалғасы тағы болар деген үміттенбіз. Біздің Қазақстан халықтар ассамблеясында 100 ден аса ұлт өкілдері бар. Сондықтан да мұндай игі бастамалардың тиражын көбейтуіміз керек.

   Сонымен қатар көптеген ұсыныстар да орын алып, қалтаға салып алып жүруге де боларлық дүниеге шақталса деген пікірлер де айтылды.


Поделиться:      
Оставить комментарий: