Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Үнсіздік билеген...

Блоги

03.08.2017
6628

Үнсіздік билеген...

Үнсіздік билеген...

Үнсіздік билеген...


Кейде мен...
Бір жұмбақ күйге енем,
Жолдармен жүремін,
Ешкім де жүрмеген...
Түнге де сыр айтам мүлгіген,
От жағып,
Шоқ тасып,
Елестер билеген.
Басқа жол бұл деген…
Бір жанның табаны тимеген.
Сәулелер тазартқан,
Жолымды кірлеген.
Ол жолдар барады,
Бір биік,бір төмен.
Қиыршық тасы жоқ -
Ақ нұрға илеген.
Ағыс боп ағады,
Көлеңке келбеті –
Жұлдызды түн деген...
Еріні кебірсіп тұрады,
Ешкімді сүймеген.
Уақыттың жүрегін қозғаған,
Арбакеш мен шығар,
Сол жолмен,
Өлеңін сүйреген.

 

***

Сөнеді  үрлемей,

Жанған от расында.

Түн демей...

Үндемей,

Тұрдың тек қасымда.

 

Сыр жұқпай,

Нұр жұққан,

Жан мен тән табысқан.

Сәулені бір жұтсам,

Келген ол – алыстан.

 

Үнсіздік қаусырған,

Қайда деп, жүр едім?..

Айтары таусылған,

Жай соққан жүрегім.

 

Бір шырақ кеудемде,

Атадан қалған жол.

Өзіңіз келгенде,

Батадан жанған ол.

 

Сәулені сімірген,

Қап-қара түн деген.

Бал дәмі білінген,

Жүректе кірлеген.

 

Кәрінің киесі...

Салмағы бір батпан,

Бәрінің иесі -

Жаратқан!

 

***

Түн келді,

Тағы да...

Жалғыздық – көргенім.

Дем берді жаныма,

Музам ғой,

Ол - менің.

 

Тазарған нұр сіңіп,

Бір үміт,

Бір күдік ...

Нәр алған тіршілік,

Оянған сілкініп.

 

Айтқаның  жүрмейді,

Түн  жатыр  ұзарған.

Үнсіздік  гүлдейді,

Ағаштай  бүр  жарған.

 

Жол  тартып  ғаламға,

Ойыңды  сүйреген.

Жұмбақ  сыр  санаңда,

Тыныштық  билеген.

 

Болмаған  түсіңді,

Көргенде  сенесің.

Шым  аппақ  мүсінді,

Елеспен  көресің.

 

Біреуге  ұнапты...

Жалғыз  боп  жүргенім.

Ол  келіп  жұбатты,

Музам  ғой –

Бұл  менің!

 

***

Мұндайды  кешпеп  ем...

Басқа  күй,

Өзгеше,

Келгенде  сескенем,

Күтемін  келмесе.

 

Тілектің  ағымы,

Көшеді  күбірлеп.

Әлсіз  шам  жарығы,

Өшеді  дірілдеп.

 

Билеген  сананы,

Мезгілдің  тартысы.

Әр  жерге  тамады,

Жарықтың  тамшысы.

 

Жақынды  алыспен,

Жалғаған  өзегі,

Қарқынды  ағыспен,

Елестер  кезеді.

 

Тұяқтай  серпіліс,

Жан  тәннен  безеді.

Болғанмен  қорқыныш,

Жылылық  сезеді.

 

От  шашып  жанардан,

Жанады неге түн?..

Жатыр  тыс  шамадан,

Мен білсем,

Елесім!

***

Күшке  ену,

Шайқалып,

Тағы  да  тосын  ба?

Түс  көру...

Жай  қалып,

Тұрдың  сен  қасымда.

 

Қараңғы  бөлменің,

Түні  де – шырақ  түн.

Келдің де  сен  менің,

Жанымды  жылаттың.

 

Сенсіз бір түн өтпес,

Мен оны білемін.

Пейілің тілектес,

Жұмбақтау түр-өңің.

 

Сөйте ме жек көрсе,

Ұнамай ... ұнасын.

Ұйқыға кеткенше,

Қасымда тұрасың.

 

Тыңдауға көнені,

Ойды-ой бөледі.

Уақыт жоқ,

Себебі:

Таң атып келеді.

 

Шаршатты елесің,

Жоқ бірақ бөтен ой.

Ертең  де келесің,

Енді сен...

Кете ғой.

 


Поделиться:      
Оставить комментарий: