Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПРОЗА
Ұшқан бақыт қайта қонбайды...

Блоги

11.10.2019
4877

Ұшқан бақыт қайта қонбайды...

Сен менен кеткелі бері де төрт жылдың жүзі болыпты. Саған «әне барамын, міне барамын» деп жүріп-ақ көп күнімді өткізіп алыппын-ау.

 

Естіген де шығарсын үйлендім.

 

Бірақ, тәтті тұра алмадық. Кінәні сенен көруші ем. Өзім онбаған екенмін. Көзім жеттті. Саған келдім.

 

Сені көргенімде есімнен танып қала жаздадым. Рас, сенбедім. Тек маған қараған сұлықсыз жанарың ғана ыстық көрінді.

 

Қала адамды көркейтіп жібереді екен. Сұлусың. Ауылда жүргенде тандыр мен күнге күйген жүзің – аппақ. Бірде тарап, бірде тарауға шамаң келмейтін бұрымыңды шорт қйып, желкеңе бұйралап жайып қойыпсың. Бұрын сені менсінбей, беті жылтырлау біреуді көрсем «осындай әйелім болса ғой» деп армандаушы ем. Сен олардан да сұлу екенсің-ау.

 

Мен осы ойларға беріліп тұрғанда сенің «Тыныштық па?» деуге ғана шамаң келді. Басқа бір әйел болса «Неге келдің?» деп бастап, ит–терімді басыма қаптар еді-ау. Ал, сен арамызда ештеңе болмаған адамдай салқын ғана «тыныштық па?» дедің. Бітті. Бірақ, осы сөзіңнің  өзі қаншалықты ауыр соқты десеңші.

 

- Саған келдім. Бір жерге отырып жақсылап сөйлесейікші.

 

Сен үнсіз ере бардың. Сол баяғы үнсіздігің, сол баяғы тіл алғыштығың қалмапты. Сен осыншалықты момын болмағаныда біз ажырамас па едік, кім білсін. Өзге әйелдер секілді мені өз «айтқаныңа жүріп, айдағаныңа көнетіндей етіп» алғаныңда, бәлкім, мен өзгенің сөзіне ермес пе едім. Саған көп қорлық көрсетпес пе едім.

 

Үнсіз күрсіне фужерді ерніңе тосқаныңа дейін әдемі. Сүттің қазанын тырнай-тырнай мүжіліп кеткен тырнақтарың ұзарып, саусақтарың сүйірленіпті. Байқап отырмын қос жанарың бұрынғыдай қорқыныштан дір етпейді. Батыл.

 

- Мен саған келдім.

 

- ...?

 

- Мені кешір. Саған көрсеткен қорлықтарым үшін кешірім сұраймын.

 

- Алла кешірсін.

 

- Егер қаласаң қайта қосылайық деп едім. Бұған не дейсің?

 

- Тарихта артқа қайту жоқ.

 

- Тарих пен өмірдің ара қашықтығы жер мен көктей емес пе!...

 

- Өмір жалған, ал тарих мәнгілік. Осы да ғана болмаса...

 

- Олай болса жалған ғұмырда мәңгілік бірге болғанға не жетсін.

 

- Өмірдің мәні мәнгі бірге болуда ғана ма екен?...

 

- Бақытты болуымызға көзің жетпей ме?

 

- Біз бақытты болып па едік?..

 

- Өткен күнді ұмытайықшы. Жаңа өмірге жаңа қадам бассақ деймін.

 

- Кешір, енді қайта бір бола алмасақ керек.

 

- Неге? Біз бір-бірімізді сүйетін ек қой.

 

- Сүйетін едік. Бірақ...

 

- Мен сені әлі де сүйемін.

 

- Өмір сүюден ғана тұрса, қанекеи...

 

- Рас. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген. Кейде артық кеткен кездерім де болған. Сол үшін кешірім сұрап тұрған жоқпын ба?..

 

- Шаңырақты шайқалтпайтын сол кешірім болса, кәне...

 

- Шаңырақты шайқалтпайтын екі адамның бір-біріне кешірімді болуы. Бір-бірін кешіре білуі...

 

- Онда жан-дүниені қайда қоямыз. Бір шаңырақтың астында тұрып, бірін-бірі кешіру керек екі жанның бірінің кешіруді ұмытып берген азабынан күйзелген жанды қайтеміз?..

 

- ?...

 

- Сау бол!

 

- Тоқташы...


Поделиться:      
Оставить комментарий: