Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Жалған өмір

Блоги

12.12.2017
8266

Жалған өмір

Жалған дүниенің сағымына оранып,

Өткен өмірдің елесімен шырмалып,

Тіршілік кешеді фәниде адамдар.

Дүние жиюға тырмысып, тырбанып

 

Зымыран уақыт асықтырды бәрін,

Ұға алмай пенде өмірдің шын мәнін.

Дүние шығыршық дөңгелек айналып,

Пенде жүр жұтып тірліктің у зәрін

 

Жалғанның мәнін ұға алмады пенде,

Дүниеқоңыздар көнбеді еш емге,

Көкірек көзі ашылмай қалды ма?

Данагөй сөздері ағып кетті селге.


Поделиться:      
Оставить комментарий: