Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Жақсы көру

Блоги

24.12.2019
4629

Жақсы көру

Кебеже

 

Біздер де сіздей болғанбыз, 
Сіздер де біздей боласыз. 
(Зираттағы жазу)


Қалдырсам деп келер күнге қол таңба, 
Хас шеберлік бар өнерін салған ба?! 
Күні жетіп, 
Зат төресі кебеже, 
Шығып қалған балконға. 

 

Бетіндегі ою-өрнек бүлінбей, 
Жеткен екен осы күнге сүрінбей. 
Заманында асыл еді сүйегі, 
Тұр бүгінде көп мүліктің біріндей

Түскендеймін шебер салған сан ізге,
 Дегендей боп, 
Сен осыдан ән ізде...
Айналамды ою-өрнек қоршаған, 
Отырмын мен дәлізде. 

 

Мұны көріп өткен күнді кеземін, 
Жүрек жылап, 
Өртенеді  өзегім. 
Сол  үйдің  бір ұлы болар ішіне, 
Салып  қойған  қоянның бір көжегін. 

 

Жәй көрініс, 
Ешкімнің де ісі жоқ, 
Ірі заттың тұрғаны ғой кіші боп. 
Кешір адам, 
Кебежеге теңесем, 
Сырты бүтін, іші боқ. 

 

Қалай айтам,
О, аржағын сөз етпе...
Өмір – ғайып, 
Кебеже ме? 
Көжек пе? 
Дөңгеленген дүние бұл - 
Дүние, 
Тұрмыз біздер кезекте!

 

 

Қамшы 

 

Үй төрінде, 
Іліп қойған қамшы тұр, 
Суыртпақтап тарттым сенен тамшы жыр! 
Шулағанды көрсетейін сендерге, 
Дегендей ме? 
Тек қолыңа алшы бір. 

 

... Жауын көрсе жайдақ мініп бір аттан, 
Қамшыларын бабам талай сынатқан. 
Осы қамшы, 
Кең даланың қорғаны, 
Қарсыласын бір-ақ сілтеп сұлатқан. 

 

Осы қамшы ептілікті алыпты, 
Қамшы мінез тектілікті танытты. 
Нар шалдарым бір қараса қамшыға, 
Бәйбішенің үні шықпай қалыпты. 

 

Қамшыларым болған дейді күрескер, 
Деп  ойласам...
Бабаларым елестер. 
Қай үйде де табылады білектер, 
Жетпей жүр-ау, 
Қамшы мінез жүректер! 

 

О, басында, 
Іздеп едім тамшы жыр, 
Шуағынан төгіледі қанша нұр! 
Ошағымның тыныштығын күзетіп, 
Төрінде ілулі әкем берген қамшы тұр!

 

 

***

 

 

Жақсы көру...
Ауып кетіп аңсары,
Әлсіздік ол – күйресе.
Түптің-түбі сұлулықты жаншады,
Жаныңда мұң шыр айналып билесе.

 

Ақиқатты, күмән келіп жасырса,
Жігер – құм боп, көңіл тұрмас жасымай.
Сүттей суға, 
Сұлулыққа қосылса,
Мұң да сұлу болады екен апырай.

 

Жұбануды көңіл күтіп жүргенмен,
Қол жетпейстей көрінеді, алыс жол.
Сұлулықтың елесімен күн көрген,
Жалғыздықтың соңғы үміт, бағы сол.

 

Сезіміңді сүріндірген жалған бақ,
Дүниемен шектелмесе бар қызық.
Сұлулықты тастайтұғын арқандап,
Мұңның өзі – жалғыздық!


Поделиться:      
Оставить комментарий: