Блоги
Жарапазан
Ертең таңда әр үйге бақ қонады?!
Сәресін ішіп тынар жақ-тамағы
Таңғы бестен жыбырлап, тықыр-тықыр
Тың-тың-дары ватсапта басталады.
Телефонды үнсіздік баптауына
Ағайындар қойындар ендігәрі
Біз бекітер қауымы жібереміз
Ықыласпен қолдаудың мың амалын-әгигәгім-әгигәгім-ай
Жамағатпен иықтас болмасақта
Желіменен жолдаймыз соның бәрін
Сондықтан тұтпағандар бізді қолдап
Оятып даяр қылшы таңның нәрін
Сол кезде біздікінен есе сауап
Еңбектенген пешенеңе жазылады
Тіршіліктің қамымен жұмыстамыз
Оразада Алланың бұл сынағы -әгигәгім-әгигәгім-ай
Не болса да Рамазан бұл айында
Қуат-күш пен сабырлық бер шыдамдық
Тұтқандар мен тұтпағандар түбі тұтас
Екеунің хақ болар бір ошағы
Оразасы әркімнің өзі үшін
Тағы өзі жауапты сөзі үшін
Құлақ барда амал жоқ шаламыз ғой
Жан-жақтағы ақ-қара елдің сөзін
Ағайындар осы айда болайықшы Самал желдей сабырлы Алла үшін
Содан кейін тойлаймыз біз бұйыртса
Оразаның мерейлі 2-3күнін -әгигагім-әгигагім-ай.
Кабанбаев Е.