Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Жауған қалың қар көктемге қалмас...

Блоги

23.05.2019
8405

Жауған қалың қар көктемге қалмас...

data-cke-saved-src=/upload/4492/2017/06/07/01afc1f6fccd9ab769bbe2b9efea9463.jpg

 

 

 Жауған қалың қар көктемге қалмас,

Өмірің - тәтті, өлімің  - алмас.

Жаздың бір сәні - гүлдеген дарақ -

Қара күз келсе  қурамай қалмас...

 

Жарық күн жайнап, өтеді заман,

Тірлікте басың болсын де аман.

Адалдық, шындық шығарар төрге,

Уақыт салса да араға жалған.

 

Айтусыз келер аза-қаза, мұң,

Көрерсің   көркем тағдыр жазғанын.

Атаукереңді жалғасың берсін,

Қалмасын жұртта қара қазаның! 

 


Поделиться:      
Айман Омарқанқызы
24.05.2019 23:18
Арай мына өленің сәтті шыққан екен.Қатты ойландырды. Осындай елді ойландыратын шығармаларыңның қатары еселене берсін. Әр басқан қадамыңа тек қана сәттілік тілеймін.Ғылым жолындағы жетістіктерің көп болсын.Бұл саған ұстазыңның ақ жүрегінен жарып шыққан, ақ тілегі деп қабылда.
Оставить комментарий: