Блоги
Все
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
КРИТИКА
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
МОЕ МНЕНИЕ
ГЕНЕАЛОГИЯ
ЗНАНИЕ
ИСКУССТВО
АУДИО
ПОСЛОВИЦЫ И ПОГОВОРКИ
ВИДЕО
ИСТОРИЯ
ШОУ-БИЗНЕС
ЛАЙФХАК
РОМАН
СТАТЬЯ
15.06.2022
7153
Жауынды сүйген қыз
Жазбайтын өлеңін сезімсіз,
Әр шумақ бір ғалам өлшемсіз.
Тоқтаусыз ақ жауын жырлары -
Жаңбырды ұнатып, сүйген қыз.
Шынымен тағдырың сондай ма?
Әлде мұң қондырған ұнай ма?
Мендегі өткенші нөсерлер,
Гүлденіп бір солды қурайға.
Қай жырын оқысам күрен күз…
Жадырап қай кезде жүрмексіз?
Қолшатыр түспейме қолыңнан?
Алаңсыз күніңді көрмеппіз.
Әрине, жарасқан нәзіктік.
Қамқөңіл жүректен соны ұқтық.
Тұманды Альбион тұрғыны -
Не ұттың сарғайып дым құшып?
Поделиться:
Оставить комментарий: