Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Жетім қыздар зары

Блоги

12.12.2017
5984

Жетім қыздар зары

Қиындығы өмірдің кетті басталып,

Жалғыз қалдық, жанарлардан жас тамып,

Ана, әке жоқ болдыңдар бір сәтте.

Жоқ болдыңдар, қара жерді жастанып.

 

Кімге айтайық, көңілдің нала мұңын,

Қайғыланды, сұстанды дала бүгін.

Кеттіңдер екеуің де, қиып бізді,

Елтімей зар жылаған бала үнін.

 

Әкешім-ай, анашым жырақ жүрсің...

Жетім көңіл назалан,жыла күрсін!

Қандай амал, дауамыз жоқ сұм ажалға,

Рухтарыңыз бізбенен бірге жүрсін.

 

Арнасымен жылжиды өмір жылға,

Болуға тырысамыз берік сынға.

Үзік-үзік көңілді уақыт жамар.

Өмір бізді жылатып жасық қылма!

 

 

 

 

Жүректесіздер...

Жас жанымызды жылытасыздар.

Кей-кезде бірақ...

Өксітіп бізді жылатасыздар...

Бой көтердік, бой жеттік біз ендігі,

Ал сіздер...

Жырақтасыздар.


Поделиться:      
Оставить комментарий: