Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Жұмбақ дастан

Блоги

27.05.2022
1603

Жұмбақ дастан

Бір орда бар, жарты құлаш созылған.
Тұнып тұрған тұла бойы жыр мен ән,
Сол ордаға саяхаттап көрейін,
Жеткізе алсам адастырмай жолыңнан.

Сегіз қыры қабырғадай майысқан,
Қайық мүсін саңылаусыз табысқан,
Үлкен-кіші  қос аралды айдында,
Бір құдықтан сыр шығады қаныққан.

Орта аралы ұзақ жолды қалдырған,
Он тоғыз жұрт жолдың маңын қамтыған.
Қос ханзада басқараыпты сол елді,
Мұнарадан кендір арқан тартылған.   

Хан сарайы қоршалмаған қорғанмен,
Бұл шахарға жау таласып көрмеген.
Сырын таппай не қазына тұрғанын,
Басып кірген не аларын білмеген.

Шықсаң көзге көрінбейтін қақпадан,
Табалдырық аттап өтер әр адам.
Кез боласың Оғыз түркімен ауылға,
Ән салатын алай дүлей дауылдан.

Шықсаң тағы Бас ауылдан өтесің,
Бір жолықсаң ара үзбей кетесің.
Дәм-тұзы ма жібермейтін ұзатып,
Екі аяғың тауып алар төтесін.

Бір ауыл бар таңғажайып артында,
Бекер емес Тылсым оның аты да.
Қай жолаушы қашып шықса үреймен,
Ендігісі жұмбақ құпия жасырған
(Қорқыт баба аян берер ұғынсаң)

Кезігесің  жүрсең үйге Еңірелі,
Кеңдігі алты қанат керегелі,
Көп қазына кені тұр осы отауда,
Сарқылмайтын саф алтын жыр кемелі.

Қос Қашаған қос көпір күтер жолдан,
Аяқ басқан төсіңе аты дастан.
Бұл көпірді түнеген шебер болар,
Ал қадірін түсінген сал атанған.

Келер қос үй боздатар келген жұртты,
Күні жаңбыр қара бұлт құдай құтты.
Қос  Жетім  жұрт күйінтер іреңімен,
Желдің үрген үнінен соны ұқтым.

Қойы буаз, биязы Жуас ауыл,
Кім соқса да кезігіп бәрі бауыр.
Төр жастығын ұсынар, дәмдісін де,
Бір марқайып қаласың көңіл тәуір.

Көрші жатыр Жуасқа Көсем ауыл,
Тәкәппарлық танытып елге тәуір.
Келген мейман алдында шекірейіп,
Күн көрсетпей жортқанға ол едәуір.

Тоқтамай кете алмадым Мұңлық елге,
Ғасыр мұңы тұрған соң осы жерде,
Ойға шомып қиялға берілесің,
Қайран елден малынып қара терге.

Тақта жолда тақылдап ат тұяғы,
Даңғыл ауыл дара ғой жол тұрағың.
Тоқсан ғұрт із қалдырған табын ақын,
 Айтқызған Құлагерге Маңмаңгерін.

Тағы Жетім тағы көпір тұр қашаған,
Жетім-Жесір елемей кім тастаған?!
Емірелі емен өлке еркелетіп,
Кім Домалақ анадай ел бастаған?!

Шешен ауыл жатады жұрт төрінде,
Тобықтай ойын оңай дөп түйіндер,
Бұл ауылда артық сөз, жөнсіз сұрақ,
Қалдырады өзіңді дал күйіңде.

Жазық жер пана болмас Үйсіз қыстақ,
Мал жанды баға алмайсың байлап ұстап.
Бұл елге тұрақтаған диуаналар,
Пұт құдайлы тәңіршіл исі қазақ.

Таудан тасып ағатын мөлдір бұлақ,
Сай үңгірге жасырсаң кімге алдырмақ?
Бұл ауылда барымта ел азығы,
Тасалаған шың тасты үй Шағырмақ.

Құсар ауыл қандырар тән шөліңді,
Туғызып алатындай түп төліңді,
Тұлақ жүнді тарқатар сабаламай,
Шешілмеген шешілер бүр түйіндер.

Кет Бұғаның өлкесі он да тоғыз,
Сүгір толғап  күй шерткен сексен сегіз,
Шыңғысқанның Жошысы қазасына
Ақсақ құлан астарлы болған аңыз.

Түпкі тамыр, соңғы ауыл Шыңырауда,
Үш ғаламның бәйтерегі нақ осында,
Іргесі о-дүниемен, бұ-дүниені
Қақ бөлген табалдырық сағасында.

Арғы жағы  Тысқары Кәдесіз ел,
Орта аралдан оралған мен деген ер.
Жын ойнақ, есер жиын осы жақта,
Аман қайтқан серіні жұртың мақтар.

Арал бойы Шыңыраудан шығанаққа,
Жорғалаған сәйгүлік бәйге шапқан,
Басып, аттап, тебеді қос кендірді
Өткен сайын құдықтың үнін саптап.

Айдын шалқар балтырдан су келмейді,
Ортабелде алтыбақан тербелмейді.
Әткеншек орынына бес бағана,
Олай-бұлай ойнақтап серуендейді.

Арғы жағы айдын көлдің түпкі арал бар,
Мекедеген қоқиқаз ақ-құтандар.
Қыз-Жібек Төлегеннен айрылғанда  
Түбектен Аққу самғап көңіл айтар.

Кендірді керіп тұрған емен қазық,
Тұрғандай жын-періні жерге басып.
Жетіқат сегізқырлы сырлы орда,
Жыр дастанды ұйытқан талай ғасыр.


Поделиться:      
Оставить комментарий: