Энди УИР: ЖҰМЫРТҚА (әңгіме)
Бөлісу:
«Марсианин» атты романымен әлемге кеңінен танылған
Энди Уир 1972 жылы Дэвис қаласында дүниеге келген.
Қазіргі таңда орбитальді механика және пилотты ғарыш саласына қатты қызығатынын мәлімдеп жүрген америкалық жазушы.
Көлік апаты. Айтарлықтай ештеңе емес, дегенмен өліммен аяқталды. Артыңда әйелің мен екі балаң қалды. Жедел жәрдем дәрігерлері сені құтқату үшін бәрін жасады, бірақ сақтап қала алмады. Денеңнің сау жері қалмаған еді, сондықтан бұл дұрыс, маған сенгейсің. Дәл сол кезде сен мені кездестірдің.
-Не болды?-деп сұрадың. –Мен қайдамын?
-Сенің күнің бітті-деп еш өкінішсіз жай жауап бердім.
-Онда үлкен көлік болды...Ол сырғанап келіп...
-Иә.
-Мен өлдім бе?
-Иә. Бірақ бұған қатты қынжылма. Барлығы бір күні жан тапсырады-дедім мен.
Сен жан-жағыңа қарадың, бірақ ештеңе таппадың. Тек сен және мен.
-Бұл қандай жер?-деп сұрадың сен. – Бұл О дүние ме?
-Азды-көпті.
-Сен Жаратушысың ба?
-Иә.
-Менің балаларым... Әйелім...-дедің сен.
-Оларға не болыпты?
-Отбасыма бәрі жақсы бола ма?
-Менің естігім келгені де осы. Сен жан тапсыра салысымен отбасың жайлы ойладың. Бұл өте жақсы,-дедім мен.
Сен маған тамсана қарадың. Сенің көзіңде мен Жаратушы көрінбедім. Тек бір белгісіз жан сияқты. Тәңірден бұрын мектеп мұғаліміне ұқсаттың.
-Уайымдама-дедім мен. –Отбасыңда бәрі жақсы болады. Балаларыңның есінде жақсы әке болып қаласың. Олардың сені жек көретін уақыттары болмайды. Әйелің сырттай жылайтын болады, бірақ іштей қуанады. Шынында сенің отбасың құлдырауға жақын еді. Сені жұбататын болса айтайын, әйелің жасырын қуанғаны үшін өзін кінәлі сезінеді.
-Солай ма? – дедің сен. –Сонымен, қазір не болып жатыр? Мен тозақта күйемін бе, әлде жұмаққа барамын ба?
-Екеуі де емес. Сен қайта жаратыласың.
-Сонда иудейліктер дұрыс айтқаны ғой.
-Барлық дін өзінше дұрыс-деп жауап қаттым. Менімен бірге жүр.
Сен соңымнан ере жөнелдің.
-Біз қайда барамыз?
-Айтарлықтай ешқайда. Мен тек жүріп әңгімелескенді ұнатамын.
-Сонымен, мен қайта жаратылғанда бәрін басынан бастаймын ғой? Сәби ретінде. Менің жинаған тәжірибем, барлығы. Мен өмірде жасағанымның бәрі маңызсыз болғаны ма?
- Олай емес-дедім мен. Сенің өткен өмірлеріңде жинаған білімің мен тәжірибеңнің барлығы өзіңмен берге қалды. Тек қазір сенің есіңде жоқ.
Мен тоқтап, сенің иығыңнан ұстадым.
-Сенің жаның сен ойлағаннан да ғажап, әдемі және үлкен. Адамның санасы өзінің не екенін тек болжай алады. Бұл стақандағы судың ыстық не суық екенін білу үшін саусағыңды батырып көргендей. Сен өзіңнің кішене бөлігіңді қайыққа салып, кейін оны қайтарып алғанда жинаған тәжірибеңнің барлығы өзіңе қайтып келеді. Сен соңғы 48 жыл бойы адам кейпінде болдың, сондықтан ұлы санаңның қалған бөлігін әлі сезіне қойған жоқсың. Біз бұл жерде ұзағырақ қалсақ мен бәрін есіңе түсіресің. Бірақ мұны екі өмір арасында жасаудың қажеті жоқ.
-Сонда мен неше рет қайта жарадылдым? – деп сұрадың.
-Көп. Өте көп. Түрлі жағдайда өмір сүрдің. Бұл жолы сен б.з.540 жылы өмір сүрген қытайлық шаруа қыз болып қайта жаратыласың.
-Тоқтай тұр, не дедің? Сен мені өткен уақытқа жібермекшісің бе?
-Иә, техникалық жағынын. Өзің білетіндей уақыт тек сенің әлеміңде ғана бар. Мен келген жерде барлығы басқа,-дедім мен.
-Сонда сен қайдан келдің?
-Әрине, мен бір жерден келдім. Басқа жерден. Онда мен сияқтылар көп. Сен ол жердің қандай екенін білгің келеді. Бірақ, шындыған айтсам сен оны түсінбейсің.
-Солай ма?-дедің сен. –Тоқтай тұр, бірақ мен басқа уақытта қайта жаралатын болсам, мен өзімді кездестіруім мүмкін еді ғой.
-Әрине. Үнемі осылай болған. Сен екі өміріңде де не болғанын да білмедің.
-Мұның бәрі неде?
-Шын айтып тұрсың ба? Сен менен өмірдің мәнін сұрап тұрсың ба? Бұл өте көп қойылған сұрақ.
-Солай болғанымен орынды сұрақ-деп қасарыстың.
Мен сенің көзіңе кідіре қарап тұрып:
-Бұл өмірдің мәні, бұл әлемді жасаған себебім-сен. Сенің санаңның кеңеюі үшін.
-Сен бүкіл адамзат жайлы айтып тұрсың ба? Біздің дамуымызды меңзеп тұрсың ба?
-Жоқ, тек сенің ғана. Мен бұл әлемді тек сен үшін жараттым. Сен көрген әр өмірмен бірге өсесің, дамисың, ұлы сана болып келесің.
-Мен ғана ма? Өзгелер ше?
-Басқа ешкім жоқ, Тек сен және мен ғана-деп жауап қаттым.
Сен маған таңғала қарап тұрдың.
-Бірақ жердегі адамдар...
-Олардың барлығы сенсің. Сенің түрлі өмірлерің.
-Сонда мен барлық адамзат болғаным ба?
- Енді түсіне бастадың-сені құттықтағандай арқаңнан қақтым.
-Жер бетінде өмір сүрген адамның барлығы мен болғаным ба?
-Енді өмір сүретіндердің барлығы да сен.
-Абраам Линкольн де мен бе?
-Джон Вилкес Бут та сенсің-деп қостым мен.
-Гитлер де ме?-кішкене қорқынышпен сұрадың.
-Ол өлтірген миллиондаған жансың.
-Иса да мен бе?
-Иә, оның артынан ергеннің барлығы да сен.
Сен ұзақ үнсіз тұрдың.
-Әрқашан сен артынан ерген адамның бәрі сен өзіңсің. Сен жасаған жақсылықтың барлығын өзіңе жасадың. Әр адам басынан кешірген қуаныш та қайғы да сенің басыңнан өткен.
Сен терең ойға шомып кеттің.
-Не үшін? Мұның бәрін не үшін жасадың?
-Өйткені бір күні сен мен сияқты боласың. Себебі сен осындайсың. Сен менің бір бөлігімсің. Менің ұлымсың.
-Мәссаған! Сен мені Құдай демекшісің бе?
-Жоқ. Әзірге олай емес. Сен әлі өсіп келе жатқан тұқымсың. Бір күні, сен әр адамның өмірін кешіп болған соң туылуға дайын боласың.
-Сонда бүкіл әлем...Тек қана...
-Жұмыртқа-деп жауап бердім мен. –Ал қазір сенің келесі өміре аттанатын кезің келді.
Мен сені өз жөніңе жібердім.
Ағылшын тілінен аударған
Салтанат ЖАНСЕЙІТ,
«Тұран-Астана» университетінің
аударма ісі мамандығының студенті.
Бөлісу: