Түрік ақыны Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналған әдеби кеш өтпек
Бөлісу:
25.01.2016
2530
ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың "Мырзатай Жолдасбеков" залында 28 қаңтар күні сағат 15.00-де Юнус Эмре түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен түрік әдебиетінің белді өкілдерінің бірі, белгілі ақын Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналған әдеби кеш өтеді. Кештің мақсаты Жахит Сытқы Таранжының шығармаларын қазақ оқырмандарына таныстыру, насихаттау болып табылады.
Жаһит Сытқы Таранжы (1910–1956) түркі халықтарының поэзиясында елеулі орын алатын ақындардың бірі. Жаһит ақын жас кезден–ақ ерекше талантымен көзге түскен. Студент кезінде жазған шығармалары оны танымал етті. Өлеңдерінде халықтық сипат пен терең лиризм көрінеді. “Отыз бес жас”, “Күн”, “Ақырғы” өлеңдер жинағы жарық көрген.
Осы кеште Таранжының өлеңдерін тұңғыш рет қазақ тіліне аударған ақын Маржан Ершу аудармаларын оқырмандарға тарту етеді.
Поэзия кешіне түркітанушы мамандар, ақын-жазушылар қатыспақ.
Бөлісу: