Ономастика мәселелері талқыланады
Бөлісу:
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі – ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Еліміздегі жер-су, көше атауларын реттеу, көрнекі ақпаратар мен жарнама мәтіндерін рәсімдеуді біріздендіру болып табылады. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 2 маусымда Шымкент қаласында «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған шарада өңірлердегі ономастикалық ахуал сөз болады. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралады.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысады.
Басқосуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Мелдешов жүргізеді.
Бөлісу: