Тұсаукесер. Кімдердің кітабы? Қашан? Қайда?

Бөлісу:

16.06.2017 4877

Астанадағы «Көрме» залында 17 маусым күні сағат 11.00-де ақын ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулеттің «Періште қыз» атты кітабының, 12.00-де испан ақыны, аудармашы Хусто Хорхе Падронның қазақ поэзиясының үш ғасырлық антологиясынан испан тіліне аудармасы және ақын, аудармашы Танагөз Толқынқызы аударған «Тозақ шеңберлері» кітабының таныстырылымы өтеді.

Қазақ және испан әдебиеті мен мәдениет арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынасы дамуының айқын көрінісі болып саналатын бұл еңбектердің маңызы ерекше болуға тиіс.

Сондай-ақ 14.00-де ақын, аудармашы, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарих ғылымының кандидаты Сұраған Рахметұлының «Оспан-Чойбалсан» атты ғылыми монографиялық еңбегінің таныстырылымы болады.

16.00 де жазба және айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлының «Терісбұрау» атты өлең кітабы да таныстырылатын болады.

Келіңіздер, көріңіздер, тыңдаыздар, руханият қайнарынан сусындауға асығыңыздар!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар