Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Бөлісу:

10.10.2019 4031

Бүгін Стокгольмда әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы тапсырылды. Швед академиясы 2018 жылғы сыйлықты поляк ақыны Ольга Токарчукке, ал 2019 жылғы сыйлықты австриялық жазушы Питер Хандкеге берді.

Питер Хандке шығармаларының ерекшелігі – ландшафттарға және әлемнің материалдық құндылықтарына ерекше назар аударуында жатыр. Ол кино мен сурет салуды өзінің ең үлкен шабыт көзіне айналдырды.

Ольга Токарчук 1962 жылы Польшаның Сулечув қаласында дүниеге келген. Ол бүгінгі таңда Вроцлавта тұрады.

Питер Хандке болса, 1942 жылы Австрияның оңтүстігіндегі Кернтен аймағында орналасқан Гриффен ауылыда дүниеге келген.

«2019 жылғы әдебиет лауреаты Питер Хандке өзін екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең ықпалды жазушылардың бірі ретінде көрсетті», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Нобельдің әр сыйлығы үшін биыл 9 миллион швед кроны (бір миллион доллар) беріледі.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар