«Қазконтент» АҚ-ның медиажобалары подкасттар бөлімін іске қосты
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қ., 2019 жыл. «Қазконтент» АҚ-ның жеті медиажобасы - baq.kz, baigenews.kz, strategy2050.kz, el.kz, assembly.kz, adebiportal.kz және e-history.kz аудиоподкасттар бөлімін іске қосты.
Қолданушылар «ақылды радио» жанрында ақпараттық, сараптамалық, мәдени-ағартушылық және авторлық жобалармен таныса алады.
Чингиз Майсеитов, el.kz сайтының бас редакторы:
«Подкаст – бұл тренд емес, аудиторияда сұранысқа ие болатындай БАҚ дамуының қажеттілігі. Подкастинг біздің басылымның қолданыс құралдарын кеңейтетін, оның жанрлық құрамын жаңартып, сайттың жаңа оқырмандары мен тыңдармандарының көбеюіне мүмкіндік береді. Подкасттар тұтынушыға, сонымен қатар подкаст авторына өзінің ыңғайлылығымен әмбебап құрал болып саналады. Подкастта ең бастысы – бұл тақырыптың өзектілігі, авторлық көзқарастың болуы және адамдардың қызықты оқиғалары, сондай-ақ бұрынғы тақырыптарға да жаңа леп береді».
Алтынбек Хумурзак, e-history.kz-ның бас редакторы:
«Интернеттің маңызының артуына байланысты, медиасаланың да мүмкіндіктері кеңейтілуде. Адамдар барған сайын газет пен журналға, теледидар мен радиоға сирек жүгінетін болып барады. Подкасттардың кезі келіп жетті, онда материалдар дыбыстық форматта беріледі».
Аягөз Құрмашева, strategy2050.kz-ның шығарушы редакторы:
«Цифрлық технология заманында уақытты үнемдеу деген өте маңызды. Адамдар өздерінің алтын уақытын жаңалықтарды оқып отыруға бөлгілері келмейді. Осыған байланысты, strategy2050.kz жобасы апта жаңалықтарының ең өзектілері жайында хабардар ететін аудиоподкастыны ұсынады. Осылайша, біздің оқырмандарымыз аптасына бір рет, 5 минутқа тыңдаушыға айналады».
Шығармашылық ұжымның аудиоподкасттарыларына SoundCloud, TuneIn белгілі аудистримингтік сервистерінде қол жеткізуге болады.
Аудиоподкасттар «Қазконтент» АҚ-ның мультимедиялық базасында жазылады.
Подкаст парақшаларына сілтемелер:
https://baigenews.kz/podcasts/
https://strategy2050.kz/podcasts/
https://e-history.kz/kz/podcasts
https://adebiportal.kz/podcasts/
Анықтама:
1) Подкаст – белгілі бір тақырыптағы аудиоблогтар, радиобағдарламалардан айырмашылығы оларды мобильді құрылғыға жүктеп алып, кез келген ыңғайлы жерде тыңдап кете беруге болады.
Подкаст – басқа да радиобағдарламалардан өзгешелігі, нақты өзіне тән тақырыбы бар аудиоблогтар, оларды ұялы телефонға басуға және кез келген жерде тыңдауға болады. 2017 жылға қарағанда, 2018 жылы подкаст тыңдаушылардың саны әлем бойынша 4 есе өскен.
Подкаст тыңдаушы елдердің бірі – Оңтүстік Корея, онда халықтың 58%-ы подкаст тыңдайды.
АҚШ-тың әрбір үшінші тұрғыны подкастерлерге жазылған.
Канада аудиториясының 43%-ы подкастты YouTube арнасында тыңдайды. Ресейде көбіне спорт және әдебиет тақырыбындағы подкасттар тыңдалады.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда Қазақстанда подкаст тыңдаушылардың көрсеткіші туралы ақпарат жоқ.
2) «Қазконтент» АҚ – «Қазконтент» АҚ 2009 жылы ұлттық контентті қалыптастыру және интернет желісінің қазақстандық бөлігін дамыту мақсатында құрылған. Қоғамның негізгі міндеті – мемлекеттік интернет-ресурстарды дамыту арқылы қазақстандықтардың ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру.
Байланыс құралдары:
info@kazcontent.kz
+7 (7172) 79-82-00
Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев көшесі, 10, «Emerald Tower» БО.
Бөлісу: