Жас ақындар көмек жасады...

Бөлісу:

03.04.2020 3112

Алматыда белгілі ақын Мұратхан Шоқан басқаратын "Әдебиет әлемі" орталығының жастары көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға азық-түлік алып беріп көмектесті. Аналар шексіз разылық сезімдерін білдіріп, қуанышын жасыра алмады.

"Бүтін дәнін бөліп жейтін, жарты дәнін жарып" жейтін адамгершілік жолын ұстанған "Әдебиет әлемі" жастарына мың алғыс!

Бұл сауапты іске Мұратхан ақынның ұйымдастыруымен: Жігер Асқар, Бүрлен Қанат, Махаббат Төлеген, Меруерт Серғазы, Гүлназ Аман қатарлы жастар ат салыстып, қол ұшын созды. Көпке үлгі боларлық іс жүректерді мейірімге, көңілдерді ізгілікке толтырды. Халқымыз дерттен, қиыншылықтан аман болсын!

Adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар