Жиырма үшінші көктем

Бөлісу:

16.04.2020 2384

Бұл - бас шаһардың жиырма үшінші көктемі. Көктемді жылдағыдай думандатып қарсы алуға мұрша болмағанын өзіңіз де білесіз. Әлемді жайлаған коронавирус. Сақтық шарасы - елдегі екі үлкен қала Нұр-Сұлтан мен Алматыдан басталған карантин. Тиісінше, мүлгіген үйлер, бос қалған көше, көркі бар да, келгіншілері жоқ аллея - қала әнтек қалғып кеткендей. Бірақ бұның бәрі уақытша ғана көріністер. Ертең-ақ елдің үрейін ұшырған індеттен айыққан бақытты қаланың бәз-баяғы қыз-қыз қайнаған тіршілігі қалпына келмек. Ал әзірге "карантин жағдайындағы Нұр-Сұлтан" тақырыбымен фотобаян ұсынып отырмыз.

Айтпақшы, 16.04.2020, Астана уақыты 20 сағат 57 минут. Коронавирустан құлан таза айыққан қазақстандықтар саны 277-ге жетті. Бас қалада - 154 адам жазылып шыққан.

Adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар