«Қазконтент» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

Бөлісу:

12.05.2017 3372

Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» ұжымына компанияның жаңа басшысы Евгений Кочетовты таныстырды.

Евгений Кочетов бұл қызметте Шыңғыс Шарапиевті алмастырды.

Айта кетейік, Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын экономика мамандығы тәмамдаған. «Kaztube» порталының жетекшісі, «Казконтент» АҚ басшысының орынбасары, «Informburo», «Vlast» порталдарының экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate group» атқарушы директоры, «Корпорация «Цесна» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы қызметі – «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ.

Бөлісу:

Көп оқылғандар