Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Әй-әйелдер-ай...

Блогтар

08.12.2017
6992

Әй-әйелдер-ай...

Көрші үйге бірге жұмыс істейтін Қиқым көшіп келді. Қуанғаным-ай. «Енді қаланың шетіндегі жұмысыма салпаңдап жалғыз бармайтын болдым, жол қысқартысатын адам келді ғой» деп. Әйелдеріміз де тез араласып кетті. Той-томалаққа да бірге барып жүрміз...     
Бірақ. Ия, осы бірақ кейін басталды. Әйелім Гүләш Қиқымның үйіне барып келсе болды, шатақ шығаратынды болды. Айтатыны мынау: «Әй, Мырқымбай, Қиқымның үйінде әдемі люстра, жаңа шифоньер, анау кіреберісіндегі шкафтың «импортный» екендігін айтсаншы». Ыз-ыз-ыз... Миымды шағып бітірді, сөздерінің тірідей отқа қақтағандайы тағы бар...     
«Сұмдық-ай, Қыпшабелдің (Қиқымның әйелі) үстіндегі құндыз тонды қарашы. Сондайдың біреуін мен кисем не тақияна тар келе ме?»... Содан, ананы бір, мынаны бір алып жүріп, қарызданып біттім. Жұмыста отырғанмын, телефон бажылдап қоя берді. «Алло», «Мырқымбай, сеңбісін, мен ғой Гүләш. Кешке Доғалдайдың ұлы келін түсірмек, соған шақырды. Үстіме киетін бір әдемі көйлек керек еді. Соңы былай қарызданып... Жаным енді өзін түсінесің ғой». «Жарайды» дедім.     
Кімнен қарыз ала қояйын, жұмыстағылардың жартысына берешекпін. Есіме базарда тұрған сыныптасым Қайранбектің түсе кеткені. Басекеннең сұрана сала, сонда жүгірдім. Әбүйір болғанда ол орнынан табылды. «Ақша керек, құтқар» деп сылтауды айтып жатырмын. Тыңдап алды да: «Сенен аяғанымды ит жесін. Бірақ бар ақшаны «оборотқа» жіберіп қойдым. Көк тиын да қалмады.Бүгін өзі сауда да жүрмей...» Бұдан түк шықпасын біліп, кетейін деп тұрғанда көзім әдемі бір қағазға түсті. «Бұл не?» дедім сыныптасқа. «Этикетка, яғни тауар белгісі. Бұндай деген бізде жетеді. Керек болса ала бер». Қуанып кеттім. Бір-екі қорабын салып алдым. Олда мәз менен құтылғанына.     
Үйге келген бетте, жақында сатып алған шифоньердің ішінен әйелімнің бүкіл көйлегін алып шықтым. Бұдан үш жыл бұрын киіп тастаған, гүлді қоңыр      
көйлекті таңдап алып, асықпай әдемілеп, қыртыс-тыртысын жазып, өтектедім. Алып келген тауар белгісі-этикетканың біреуін емес бірнешеуін жақсылап тұрып қадап қойдым. Жақсылап бүктеп қорапқа салып, сыртын лентамен орадым. Жұмыстан әйелім де келді. Қолына қорапты ұстаттым... Кешке Доғалбайдың үйіне жиналдық. Көрші Қиқым әйелі Қыпшабелмен келіп, біздің жанымызға отырды. Гүләш пен Қыпшабелдің арасында әңгіме қызу. Гүләшімнің екі езуі екі құлағында, Қыпшабел болса тұтығып кеткен. Әйелімнің көңілді дауысы шығады. «... екі жүз жоқ үш жүз доллар тұратын көрінеді. Өзінің материалы да мықты. Ұялмай кие бересін. Мырқымчигім маған дегенде бәрін тауып береді...» деп қолындағы белгі-этикетканы да көрсетіп қояды.     
Ертеңіне, кешегі айлама мәз болып отырғанымда, есікті ашып Қиқым кіріп келді. « Айналайын, Мырқымбай. Көмектес. Құлын болайын. Кешегі көйлекті қайдан алдың, айтшы» деп жалбарына бастады. Мен болсам «Әй,әйелдер-ай» деп күле бердім, күле бердім. Қиқым болса аң-таң болып қарап қалыпты.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: