Блогтар

01.08.2017
5323

аударма

аударма

Н.Рубцов

Міне, Есенин

 - жел өтінде!

Тұманданып Блок тұр!

Жатырқайды той шетінде,

Хлебников - пырақ - нұр!

Шыныменен олар енді,

Көлеңкелер қаралы?

Шырақтары мәңгі сөнген,

Ауылдардай налалы...

Кезегім кеп мен де енді,

Мойынсұнам өлімге?

Үзілгендей жеміс дәмді,

Сабағынан өмірдің?

Пендеміз ғой біз тәуелді,

Жалған мынау тірлігі...

Ақын едің сен әуелден,

Ал, оның - 

жеміс ору ерлігі!

Өзектіге бір өлім ғой,

Маңызды емес бұл, бірақта...

                  ***

     А.Вознесенкий

Мен  -  алыстау әйеліңмін,

Әйелің бар – туғаның.

Керекпін мен кезіңде мұң,

Кінәлап сені, қумадым.

Ұлың бар сенің – барың, бағың,

Құшып та мені, қиналдың.

Сағатқа тіреліп  болмысың – жадың,

Қарайлай бердің – қимадың..

Бара берші, Құдай үшін,

Құшағына туғанның.

 Жат та әрі  туған кісің,

Жайма жазды – қиналдым.

Өзімді мен  жегідей деп,

Пойыз,билет... нақ құрдым.

Суретіңе сінемін кеп,

Өлуге  де шақ тұрмын!

            ***

Сабап жатыр әйелді. ... Сонау заманнан...

Өрімдей жастық сабалған.

той дабылы да қағылып,

салтанатты да әйел сабалған.

Жайлы тұрмыс... шыжғырып табада,

Шапалақ жеп те баға алған.

Сүйеді сабап, сүймейді – сабап,

Әйелдер үнемі сабалған.

Бірақ, жұлдызы өшпес, шырақ - от

Жап – жарық... қайсар құдірет.

 

Дін де жоқ, құбылыс – нышан жоқ...

Әйел бар - тек!

Айдындай жаны егесті.

Өзі – өзін жанары жоқтады.

Ол оның меншігі емес – ті,

Жұлдызы немесе соқпағы.

Төпелеп жұлдыздар аспанды,

Қап – қара шыны ... тамшылар,

Денесін әйелдің мұздатты,

Тамшылар... сабалап қамшыдай...

              ***

Оралмаңдар бұрыңғы ғашықтарыңа,

Ғашықтар бұрыңғы болмайды.

Тек əдемі үйшік бұрын олар тұрған,

сол əнді қайта толғайды...

Арсаландап ақ күшік үреді,

Қырат та селт етер, шошынып түсінен.

Оң жақта, сол жақта тоғайлар.

Қайталап күшікті, сынсиді ішінен.

Тоғайда жаңғырық қос бар еді,

Бірінен – бірі бөлектеу.

Сенің де, менің де ісімді,

Күллі елге жаятын еректеу.

Үйшікте жаңғырық кесені сындырар,

 

Жаңғырып жалғаны « шәй іш» деп ұсынар.

Қонуға қалшы деп жап – жалған қымсынар,

Айқайға салғаны дұрыс ед:

« Оралма маған, сүйіктім,

Сүйіктілер бұрыңғы болмайды.

Тек қос ғажап алдыңнан ұмтылып,

Тамаша күйменен самғайды.»

Сонан сон кешкілік пойызға бет алып,

Лақтырарсын өзенге кілтіңді...

Тоғайлар сонда айқайға салар кеп:

Айырылмандар бұрыңғы ғашықтарыңнан,

Ғашықтар бұрыңғы болмайды деп.

.. сендер оны естімейсіңдер тек

                   ***

Р.Рождественский

Крематорийда, өлі денем жана бастағанда,

Табытта селк етем соңғы рет.

Тыншимын, сонан сон, қараймын,

- қас - қағымда ,

Менің сенімсіз, орталау көңілім

Сенімді түтінге айналып, толды кеп.

Крематорий мұржасы түтіндеп,

Түтіндеп мұржалар...

Өртенген жадымның түтіні,

Өртенген жалқаулық түтіні,

Тағдыр деп аталған бір кезде,

Әріппен өрілген,

Лирикалық шегіністер түтіні...

күлкілі.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: