Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ТАРИХ
«Бұл Жеңіс күні»

Блогтар

10.05.2017
7309

«Бұл Жеңіс күні»

«Бұл Жеңіс күні»

       5 мамыр күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Бұл Жеңіс күні» атты әдеби-музыкалық кеші өтті.

       Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2766 Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, оның 121-і Астана қаласында тұрады. Зұлмат соғыс жылдары опат болған 20 миллион жауынгерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, әдеби кеш жалғасын тапты.

      Әдеби-музыкалық кешке Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері Қайдар Меңдіқұлов пен Инсафидин Гареев және кітапхана оқырмандары мен оқушылар қатысты. Кеште ақын, аудармашы Маржан Ершу Хиуаз Доспанова арнаған «Аспандағы айқас» атты арнау өлеңін оқып жиналған көрменнің көзіне жас үйірді. Сондай-ақ, «Шаңырақ» әжелер ансамблінің репертуарларындағы патриоттық Отан тақырыбындағы әндер шырқалып, оқушылар ардагерлерге арнап арнау өлеңдерін оқыды.

       Әдеби кеште ҚР ҰАК басшысы Ү.Д. Мұңалбаева ардагерлерге алғысын айтып, жиналған дүйім жұртты мерекемен құттықтады. Тыл ардагерлері де өз өмірлерінің үзінделерінен сыр шертіп, оқушыларға бейбіт өмірдің мәңгілік болуын, мемлекетіміздің биіктен көрінулерін тілге тиек етіп, ақ тілектерін айтты.

       Әдеби-музыкалық кештің мақсаты – ел басына күн туған сәтте туған жердің намысы үшін майданға аттанып, Отан үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек қаһармандарымыздың ерліктерін мәңгілік ұрпақ жадына сіңіру. Ардагерлердің туған еліміздің азаттығы жолындағы жасаған ерлік істерін жалғастыру, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

       Сондай-ақ кеште Ұлы Жеңіс күні туралы бейнефильм көрсетіліп, кітапхана қорынан «Ерлік  – елге мұра» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.

        1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Соғыстың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусті,Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.

       Бұл күні біз қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен барша соғыс және тыл ардагерлерінің алдында тағзым етеміз. Бұл мереке хақылымыздың мәңгілік мақтанышы болып қала бермек.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: