Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
«Cүй жаным» ( «Besame mucho»)

Блогтар

12.01.2019
6168

«Cүй жаным» ( «Besame mucho»)

«Cүй жаным» ( «Besame mucho»)

«Cүй жаным» ( «Besame mucho»)

 

Әнін жазған: Сonsuelo Velesquez

 

Сөзін испан тілінен аударған: Назкен Келжанова 

 

Әннің түсіндірмесі:  Мағжан Жұмабаевтың: 

Сүй, жан сәулем, тағы сүй, тағы да,

Жылы, тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,

Патша тағы, бүкіл дүние малына! - деген өлең шумағындағы сөздерге ұқсас тағы бір ән «Besame mucho» - «Сүй жаным, тағы сүй, тағы» деп аударылатынын білмейтін жастар бұл өлеңнің мағынасын толық аша алмай, тек жақсы әуенге елтіп, тойларда билеп жүргенін көріп, осы әнді аударып, таныстыруды ұйғардым. Бұл ән жиырмасыншы ғасырдың ең атақты әндерінің бірі. Осы уақытқа дейін «Бесаме Мучо» әні жүздеген кинолардың саундтрегі болды, мыңдаған әнші испанша және өз тілдеріне аударып орындады.1940 жылы Консуело Веласкес Торрес (Сonsuelo Velesquez)  бұл әнді жазған  кезде ешкіммен сүйісіп көрмеген 16 жасар қыз болған. Ол испан композиторы Энрике Граданостың «Гойески» (1916) операсындағы «Quejas, o la Maja y el Ruiseñor» ариясын көргеннен кейін шабыттанып, осы әнді дүниеге әкелген. 2009 жылдан бастап «Бесаме Мучо» Мехико қаласының ресми ұранына айналған.

 

«Cүй жаным» ( «Besame mucho»)

Сүй жаным, тағы сүй, тағы

Бұл түнгі кездесу сияқты ең соңғы рет.

Сүйіктім, тағы сүй, тағы

Мен сенен қорқамын, айрылып қалам ба деп.

Қайырмасы:

Қалаймын сені, құшағыма алуға

Көзіме қарашы сен.

Не істейсің жаным –ау,

Егер өте алыста

Болсам мен сенен ертең.

 

Besame Mucho

Besame, besame mucho,                                                                                                                       Como si fuera esta noche la ultima vez.

Besame, besame mucho,
Que tengo miedo tenerte, y perderte despues.

Quiero tenerte muy cerca,
Mirarme en tus ojos,
Verte junto a mi
Piensa que tal vez manana,
Yo ya estare lejos,
Muy lejos de aqui.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: