Дмитрий Пхенда. (аудармалар)
Дмитрий Пхенда. Өлеңдерінен аудармалар.
МЕН ЖӘЙ ШАРШАДЫМ.
Мен әлсіз емеспін, тек шаршадым,
Менің айналамда болып жатқандардан,
Мен күнә жасадым, сүріндім, қателестім, құладым,
Әйтеуір бақыт қарамады маған,
Мен шаршадым, өтірік пен алдау барлық жерде,
Және мен сенбеймін әдемі ертегілерге,
Сезімдер тұманға түскендей жасырылды,
Барлығы жалған маска киеді.
Оянудан, тұрудан шаршадым,
Және жанымдағы ауырсыну арқылы күлімсіреуден,
Түндерді ойлаумен ұйқысыз өткізіп,
Сынған түрменен басқаларға білдірмеуден,
Мен шаршадым, өйткені мен өзімді бөліп бердім,
Қымбат уақытымды босқа кетірдім,
Ал енді менде қалау да, күш те жоқ,
Мен мәңгілікке үмітімді үздім.
Жорықта жүргендей демалыс келді,
Мүмкін кітап оқитын шығармын енді,
Мен әлсіз емеспін, тек шаршадым,
Өмір өзі маған демалыс берді...
Дмитрий Пхенда. Я просто устал.
ЕСТЕЛІК СЫБЫРЫ.
Тыныштықта естелік маған сыбырлайды,
Уақыт қалай зымырап өтетінін,
Қайғыңды шарапқа батыра алмайтыныңды,
Және әттең мәңгі өмір сүрмейтініңді,
Ұмытудан тек естелік сақтайды,
Бәрі құлаған кезде, қирап қалды.
Мен қалай бақытты болғым келді,
Бірақ бұл дұрыс нәтиже бермеді.
Мен жақсы көргендер әлі есімде,
Мен ешқашан қауіпті деп ойламадым сүюді,
Кім үшін тырыстым, кім үшін өмір сүрдім,
Белгілі болғандай, мұның бәрі бекер болды.
Сыртта таң атты,
Менімен күліп амандасады.
Бірақ менің жанымдағы естеліктің сыбыры,
Ешқашан шаршамайды, ешқашан тоқтамайды.
Мен көп нәрсеге өкінемін,
Және еске аламын жақындарымды,
Өйткені, оны өшіру мүмкін емес,
Мұның бәрі жадта сақталады.
Дмитрий Пхенда. Шёпот памяти.
АСЫҚПА.
Сапарды аяқтауға асықпа,
Құласаң, берілме, шыда,
Тек аздап демалу керек,
Өзіңді қинамай, күшіңді жинақта,
Крест* қоюға бәріне асықпа,
Армандарың мен жоспарларыңды көмбе,
Айналаңда әдемі жерлер көп,
Жүрегіңдегі жараларды емдеуге,
Дүниемен қоштасуға асықпа,
Бүкіл өмір құрылған азапқа,
Жаныңнан ауыртпалықты тырыс тастауға,
Ерік күші туралы ұмытпа.
Күн батқандай кетуге асықпа,
Бастан өтсең айырылу мен қиыншылықты,
Қарғалар аспанда айналсын,
Өзіңе тыныштық пен тап бақытты,
Аспанға қара да жымиып күл,
Еңсеңді түсірме, өзіңді жина,
Сен бұл әлемде жалғыз емессің,
Біз өмір сүреміз бір планетада.
Дмитрий Пхенда. Не торопись.

МЕН АДАМДАР АРАСЫНДА НЕ ІЗДЕЙМІН?
Мен адамдар арасында не іздеймін?
Мейірімділік, қамқорлық, жанашырлықты,
Сенімді, адал жақын достарды,
Жолды, бағытты, өзімнің жан қалауымды.
Күндер өтеді, жылдар зымырайды,
Мен ешкімге керек емес сияқтымын,
Көптің арасынан мен іздеймін сол көзқарасты,
Менің жанымды жылытатын,
Азап шегу жазылса да менің тағдырыма,
Және бастан кешуге талай қиындықты,
Мен соңына дейін іздеймін,
Қараңғы туннельдегі жарқын жарықты...
Ал мен арманыммен өмір сүремін,
Мен тырысамын және талпынамын.
Мен бақыт пен тыныштық іздеймін,
Түнде біздің түстерімізге кіретін,
Мен алға қарай жүре беремін,
Ал уақыт зымырап өте берер,
Мен таба аламын деп үміттенемін,
Маған керек нәрсенің бәрін.
Дмитрий Пхенда. Что я ищу среди людей?
УАҚЫТ БІЗДІ ЕШҚАШАН ЕМДЕМЕЙДІ.
Уақыт бізді ешқашан емдемейді,
Және ол бізді суықта және аязда жылытпайды,
Есте қалады мәңгілік,
Махаббат қинаған жанды,
Ауырсыну жоғалмайды немесе жоқ болып кетпейді,
Ешқашан бұрынғыдай болмайсың,
Уақыт пен ішімдік бізді емдемейді,
Жоғалған бақытты сен ұмытпайсың,
Уақытты кері қайтара алмайсың,
Өзіңде бар нәрсені сақтау үшін.
Түн келеді, міне, тағы да,
Сен өмірде өткенге өкінесің,
Жұлынған бөліктерін біріктіре алмайсың,
Жараланған, қиналған жүректегі,
Уақыт қайғыдан құтқармайды бізді,
Ал сезімдерден қашып құтылмайсың,
Әттең, бізді уақыт емдемейді,
Тек қана ешқашан берілмеу қабілеті.
Және әр күні, әр сәтте,
Көз жасың жасырып, тағдырға күлімдеші.
Дмитрий Пхенда. Не вылечит нас время никогда.
Құлап, қайта көтерілгендерге.
Осы жолдарды арнаймын,
Құлап, қайта көтерілгендерге.
Өмірден жалғыз жүріп өткен,
Бірақ сенімін жоғалтпаған мүлде.
Қоштасу, қайғы мен өкініштің,
Бастан өткеру оңай емес екенін білемін,
Есіңде болсын, барлық құлап, сүрінгендер,
Бұлар жолдағы уақытша кедергілер.
Әрине, мен де құладым,
Пазл сияқты өзімді жинадым,
Реніштерім мен көз жасымды жасырып,
Шыдадым және қайта көтерілдім.
Қателіктер мен қиыншылықтар болса да,
Үміт ешқашан өшпесін.
Барлығына жақсылық пен бақыт тілеймін,
Қайта көтерілетіндерді мақтан етемін.
Жоғалтсам бірдеңені өмірде,
Мен күлімсіреп қараймын аспанға,
Тырма бізді неге үйретсе де,
Бірақ жүрек сенеді ғажайыптарға,
Өтінем қамқор бол өзіңе.
Дмитрий Пхенда. Тем кто падал и вставал.
Аударған: Ералы Есимов –Астана.
