Басты бет
/
Блогтар
/
ӨМІР БАЯН

ӨМІР БАЯН

28.03.2026 11

 

Кенжебек Хасен — қазақ ақыны, жазушы және әнші. Ол Көкшетау облысы, Есіл ауданы, Свободный ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.

Кенжебек Хасен 2015 жылдан бастап шығармашылық жолға бет бұрып, поэзия, проза және ән саласында белсенді еңбек етіп келеді. Оның шығармалары өмірдің мәні, махаббат, адам жаны, руханият және қоғам тақырыптарын қамтиды.

Автордың бірнеше кітаптары жарық көрген. Атап айтқанда: «Өткен күндер» (2021), «Өмір деген» (2023), «Аяла» (2025), «Өмірдің мәні» (2025), «Сезім көлі» (2025), «Жүрек күші» (2025), «Авторлық дұғалар» (2025), «Өмірдің алтын сабақтары» (2025). Сонымен қатар, «Ақындықта он жыл» атты эссесі мен «Жылдар мен жолдар» атты шығармашылық жинағы бар.

Кенжебек Хасен — тек жазушы ғана емес, өз әндерінің авторы әрі орындаушысы. Оның «Белая моя», «Сен менің бақытымсың», «Еркетайым», «Өмір өтеді» атты әндері тыңдарман жүрегінен орын тапқан.

2021–2024 жылдары аралығында поэзиялық байқауларда бірнеше рет жүлдегер атанды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok) белсенді түрде шығармашылығын насихаттап келеді.

Кенжебек Хасеннің шығармашылық ұраны:

«Шығармашылық – жүректің үні...»

Пікір қалдыру: