Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ШЕЖІРЕ
Педагог-методист, журналист – Молдағали Жолдыбаев

Блогтар

18.02.2019
6567

Педагог-методист, журналист – Молдағали Жолдыбаев

Педагог-методист, журналист – Молдағали Жолдыбаев

  

Қарасудағы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы) 6 сыныптық орыс-қазақ мектебін, Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебін бітірген.

  

Жұбанышкөл, Бұлдырты 4 сыныптық бірінші басқыш мектептерінде және Қарасу 6 сыныптық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1913 – 1914 жылдары «Айқап» журналында «Қазақтардың қазіргі халі», «Болашақ», «Ауылда», «Құрметті Әлжановқа жауап» мақалалары, 1915 жылы «Қазақ» газетінде «Молдағали Жаңа байбақты» - деген бүркеншік есіммен «Бала тәрбиесі», «Ғалымның надандықтан жеңілуі» мақалалары жарық көрген. 1917 жылы 1-Орал облысы қазақ съезін ұйымдастыруға қатысты. 1918 жылы қаңтарда Қаратөбеде өткен 3-Орал облысы қазақ съезінің делегаты болған. Орал губревкомы төралқасының 1920 жылы 8 шілдедегі қаулысымен Жымпиты уездік ревкомының уақытша құрамына төрағалық етті. Сол жылы жаңадан құрылған РК(б)П Жымпиты уездік комитеттінің алғашқы мүшелерінің бірі болып сайланды және мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, уездік комитет жанындағы сауатсыздықты жою комиссиясының төрағасы, лекторлар тобының мүшесі болды. Жымпиты уездік комитетінің төрағасы, Орал губерниясында атқару комитет төрағасының орынбасары, Орынбордағы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының Ғылым, баспасөз және әдебиет ісін басқаратын академиялық орталығының (Қазақстанның білім ордасы) төрағасы қызметтерін атқарып, өлкедегі ғылым мен білім беру саласын, баспасөз бен әдебиетті дамыту ісіне елеулі үлес қосқан.

  

«Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы міндетін атқарады. Сонымен бір мезгілде Қазақ халық ағарту институтында, Орынбор жұмысшы фронтінде, т.б. оқу орындарында орыс және қазақ әдебиеті тарихынан сабақ берген.

  

1927 жылы жаңадан шыға бастаған педагогиялық басылым – «Жаңа мектеп» («Қазақстан мектебі») журналының алғашқы редакторы болып тағайындалып, Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңестің төрағасы болды. Осы жылдары Телжан Шонановпен бірге «Рабочая книга для чтения (1-й год обучения)» оқу құралын, Қызыорда), М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаевпен бірігіп «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» оқулығын (Алматы, 1933) және Ә. Қоңыратбаев, М. Қаратаевпен бірігіп 4-сыныпқа арналған «Әдебиет хрестоматиясының» екінші бөлімін (1934, Қызылорда) жазады.

  

ҚазПИ-де, Алматы журналистер мектебінде фольклордан, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан дәріс оқыйды, доцент ғылым атағына ие болды. Қаламгерлік қызметінің өнбойында өз есімімен және «Ү», «Сасқан» бүркеншік есімдерімен, «Сын», «Әдебиет дүниесінде», «Исатай Тайманұлы», т.б. мақалалар, «Жол-жөнекей», «Айрылу», «Тірілу», «Бес қашқын» атты әңгіме-новеллалар жазды.

  

1937 жылы желтоқсанда бұрын Алаш қозғалысына қатысқаны үшін «Халық жауы» деген жалған айыппен тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанда ату жазасына кесілді.

 

Алаш қайраткерлерімен бірге ақталған.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: