Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ШЕЖІРЕ
Қаныш Сәтбаев пен Жаяу Мұсаның жүздесуі

Блогтар

15.02.2019
11340

Қаныш Сәтбаев пен Жаяу Мұсаның жүздесуі

Қаныш Сәтбаев пен Жаяу Мұсаның жүздесуі

  

Қазақ халқында жеке тұлғалардың бір-біріне ізет көрсетіп, жақсылық жасауы ұлттық қағида (кредо) ретінде қалыптасқан. Көтерілген мәселені одан әрі аша түсетін, сөз орайында айрықша атап өтуді қажет ететін тағы бір мысал, Сәтбаевтанушы Медеу Сәрсекенің деректері бойынша, кәмелет жастағы Қаныш Имантайұлы (1899–1964) атақты халық сазгері Жаяу Мұсаға (1835–1929) сәлем бере барғанында, әнші төсек тартып жатыр екен.

 

 

 

 

data-cke-saved-src=/upload/318/2019/02/15/476d806e5fcaa67b3a5382c7d9b4a07c.jpg

 

 

Жаяу Мұсаның «Қаныш қарағым, бойың өсіпті, ойың қалай?»,- дегеніне, Қанекең: «Ой да қосылады ғой, аға»,- деп жауап береді. Сол сапарда Жаяу Мұса Қанышқа көк қаршығасын байлайды. Қанекең қаршығаның бөтегесін сипап тұрып: «Құсыңыз серігіңіз ғой, алмаймын. Одан да ауылға құсыңызды алып өзіңіз келіңіз. Аңға бірге шығайық»,-деп құсты алмай кетеді. Мұны кейін естіген Имантай, Қаныштың әкесі: «Балам, дұрыс жасаған екенсің. Сенің алдыңда Шорман ауылының болыс баласы сұратқанда бермепті. Атаңның көңілін тапқан екенсің»,- деп риза болыпты. Аяулысын ардақтай алатын қазақтың кең мінезі қандай шіркін!Қыранды қыран қиядан таниды деген бар емес пе?! Әйгілі әншінің болыстың баласына бермеген қаршығасын, немересі жасты Қанышқа сыйлауы — жас талантқа көрсетілген ерекше сый-құрмет екені даусыз. Ізгіліктің астарында сол мәртебе-дәрежеге әбден лайықты, халық болашағына зор үміт артқан болар баланың болмысы жатыр. Зерделесек, ұлыдан ұлағат дегеніміздің өзі — осы.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: