Блогтар
Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы 2017 жылғы марапат иелерін жариялайды
Баспасөз мәлімдемесі (Пресс релиз)
Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы дүниежүзінің ақын және жазушыларын қоғамдағы жоғары жетістіктері үшін «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017 ӘХЖО» халықаралық ең жоғарғы әдеби сыйлықпен марапаттағанын жариялайды. Сыйлық алғандардың қатарында Кав Сильвано Бортолаззи (Италия), Димитрис П.Краниотис (Грекия), Мухаммад Шаназар (Пәкістан), Джернаил Ананд Сингх (Үндістан), Джагдиш Пракаш (Үндістан), Керолине Назарено Габис (Филиппин), Джордж Онси (Мысыр), Тересина Перейра (Бразилия), Аргон Шеле (Албания), Д-р Ланка Шива Рама Прасад (Үндістан), Д-р Эжил Вендхан (Үндістан), Аюб Хабар (Пәкістан), Сунита Паул (Үндістан), Д-р Мохамед Натур Белхадж Халифа (Тунис), Д-р Толана Ашок Чакраварти (Үндістан), Любомир Михальковский (Македония), Анвер Гани (Ирак), Джетон Келмеді (Бельгия),Мэнд-Ооео Гомбожав (Моңғолия), Мадан Ганди (Үндістан), Дев Бхардвадж (Үндістан), Д-р Перугу Рамакришна (Үндістан), Шивпутра Канаде (Үндістан).
ӘХЖО ұжымы сонымен қатар Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Темірқазық – әлемнің ең үздік ақыны/жазушысы – 2017» атты Халықаралық әдеби онлайн бәйгесін өткізді. Дүниежүзінің 25 мемлекетінен 62 ақын-жазушы қатысқан айтулы онлайн бәйгенің ақындар арасындағы жеңімпаздары: І дәр. Диплом Фариха Батул (Пәкістан), ІІ дәр. Диплом Д-р Нилам Малик (Үндістан) және Прамила Хадун (Маврикий). ІІІ дәр. Диплом Татьяна Дебеляски Южиз (Сербия) ал, проза саласы бойынша : І дәр. Диплом Джагари Мукрджи (Үндістан), ІІ дәр Диплом Хамза Хасан Шейх (Пәкістан) сынды қаламгерлерге бұйырды. Онлайн конкурсқа қатысқан барлық қаламгерлер ӘХЖО ұжымына мүшелікке құрметпен қабылданды.
ӘХЖО ұжымының шет елдердегі ең ірі өкілдерімен келісе отырып, жоғарыда аталған қаламгерлермен бірге құрметпен ӘХЖО-ның Қазақстандағы бірқатар ардагер қаламгерлерін де «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017, ӘХЖО» халықаралық ең жоғарғы әдеби сыйлықпен марапаттағанын қосымша жариялайды. Олар: Олжас Сүлейменов, Марал Ысқақбай, Ғаббас Қабышұлы, Үмбетбай Уәйдаұлы, Нәзікен Алпамысқызы, Зәкір Асабаев сынды өмірін әдебиет өнерінің өркендеуіне жұмсаған жасы 80-нен асқан ардагерлеріміз. Айтулы қаламгерлер қатарында Қытайдағы Әкпар Мәжит те қоса осы дүниежүзілік сыйлықпен марапатталды.
ӘХЖО ұжымы сондай-ақ Жаңа Жыл қарсаңына орай дүниежүзінің төмендегі әлем әдебиетінде өзіндік орны бар танымал қаламгерлерін «Ғаламшар Мақтанышы» Халықаралық әдеби сыйлықпен марапаттағанын жариялайды. Олар: Аде Капараз Манилаһ (Австралия), Алисия Минжарес Рамирез (Мексика), Әмір Ченори (Иран), Аминур Рахман (Бангладеш), Анка Михаела Брюма (Румыния), Дэвид Перри (Ұлыбритания), Даруіш Пакак (Австрия), Д-р Тземин Итион Тсай (Тайуан), Фанг Йау-Чиен (Тайуан), Луз Мария Лупос (Пуорте Рико), Лейла Ішік (Түркия), Май Ван Фан (Вьетнам), Мария Мираглия (Италия), Максим Замшев (Ресей), Мории Кае (Жапония), Мухаммад Азрам (Пәкістан), Павол Яник (Словакия), Рожер Сасанатан (Перу), Тиран Призрен Спакуй (Косово), Сейадаһ Мариям Иқпал (Пәкістан), Рашид Перпуо (Гана), Д-р Максуд Джафри (Пәкістан), Нилал Карахан (Түркия), Деспина Сонтакси (Грекия), Танни Босе (Үндістан), Фараһ Сиддиқуй Матин (Ирландия), Татьяна Дебеляски Южиз (Сербия), Д-р Милам Малик (Маврикий), Һелена Кардона (АҚШ), Сусана Робертс (Аргентина), Мухаммад Шаназар (Пәкістан), Д-р Нихат Бано (Үндістан), Вахед Мусаһ (Гана), Рания Анжелакауди (Грекия), Сима Деви (Үндістан), Ламина Камилуден Омотойоси (Нигерия), Пенпен Бугтонг Такипсилим (Филиппин).
ӘХЖО ұжымы Жаңа Жыл қарсаңына орай төмендегі бірқатар Қазақстандық қаламгерлерді Халықаралық әдеби сыйлықтармен марапаттайды.
Ахмет Яссауи атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегерлері: Әбен Нұрманов (БҰҰ Қазақстандағы өкілі), Әл-Халел Қарпық (ЮНЕСКО Қазақстандағы өкілі).
Әбу Насыр әл Фараби атындағы халықаралық әдеби сыйлық иегерлері: Жүкел Хамай, Ахметжан Ашири.
М.Х.Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегерлері: Ақылбек Шаяхмет, Байғали Есенәлиев.
Бұл ӘХЖО құрылған 2014 жылдың 18-ші Қыркүйегінен бергі 2017 жылдың соңына дейінгі аралықтағы қорытындысы.
Бұл марапатымыздың басы. Бұйыртса, дәл осы сәттен бастап ӘХЖО бірлестігіне мүше шет елдердегі ең үздік қаламгерлермен қатар қазақстандық қаламгерлер де алдағы жылдарда лайықты марапатын алатын болады.
Қайрат Дүйсен-Парман, ақын,
Әлем Халықтары Жазушылары Одағының
президенті әрі негізін қалаушы