Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ШЕЖІРЕ
Қазақтағы алғашқы сауаташар кітап немесе Қирағат

Блогтар

18.04.2019
10276

Қазақтағы алғашқы сауаташар кітап немесе Қирағат

Қазақтағы алғашқы сауаташар кітап немесе Қирағат

  

Алғашқы бала сауатын ашуға арналған кітап – Міржақып Дулатұлының «Оқу құралы» деп аталды.

  

Бастауыш мектепте екінші жыл оқылатын Қирағат кітабы.

   

Орынбордан 1924 жылы шыққан.

  

Ұстазы Ыбырай Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген.

   

Бұл айтылғандарды оның «Мұғалімдерге» атты мақаласынан, «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: «... балаларды,- дейді ол, - оқыту өз алдына бір ғылым.

  

Ғылым – педагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіруі керек.» «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медрессесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де,» сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауыртпалық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...»

  

М. Дулатовтың жазған «Қирағат» кітабы өзінің құрылыс жағынан бастауыш класс оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгімелерден (жылдың төрт мезгілі, ел өмірі, тұрмыс-тіршілігі) тұрады, яғни мұнда биология, экология, салт-дәстүрден хабар беру көзделген.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: