Блогтар
Қытай әдебитіндегі ұлттық наным-сенімнің көрінісі («Батысқа сапар» романы негізінде)
Ұлт мәдениетін, тарихын, әдебиетін зерттеуде сол ұлтты құраған этникалық топтарды, көшіп-қонған, басқа халықтармен этникалық және тарих, мәдениет, этнография жақтарынан араласқан аймақтарындағы ерте заман мәдениет құндылықтарын құнттап зерттеуге тура келеді. Бұнда арғы ата-бабалары кезінде шығыстағы Жапон теңізінен батыстағы Балқан түбегіне дейінгі Еуразия сахарасын еркін кезген көшпенділердің ұрпағы түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті сол аумақтарға өз әсерін тигізгені анық.
Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи деректер Қытай деректерінде молынан кездеседі, біз миф пен шындықтың ара қатысын, тарихи-мәдени, дін мен фиолсофиялық деректерді көшпенділердің көзімен қайта сараптаймыз.
Бұл мақалада миф–дін–философияның әдебиет шеңберіндегі ұлттық наным-сенімнің Қытай әдебиетіндегі роман жанры арқылы дәйектеу. “Батысқа сапар” романында Қытайдың ежелгі аңыз-әңгімелері мен мифтерінде кездесетін кейпкерлердің бейнесі ашықталады. Ежелгі қытайлық дін фетишизм, тотемизм, анемизм және магия сынды көне наным-сенімдері сонымен бірге будда, ислам тағы басқа көзқарастардың кейіпкер бойындағы көрінісі талданады.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір арнасы – аңыз-ертегілер бір ұлттың дүниетанымы, ой-өрісі, діні мен ділі, тарихы мен этнографиясы, салт-дәстүрі және мәдениетінің көзі, бастауы, айнасы. Сонау ықылым заманнан рухани қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізді. Аңыз-ертегілер халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін, тарихын, қоғамдық өмірін суреттейді: өзінің даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшырады, әрбір тарихи кезең ерекшеліктерін, қоғамдық ой-сана мен көзқарастарды өз бойына жиды.
Мифке – ойдан шығарылған дүние деп қарауға болмас, керісінше, құрылымы жағынан ең қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туынды деп қарау керек. Онда көзіміз көре алмайтын, құлағымыз ести алмайтын, тек жүрекпен сезінетін, материалдық әлемде шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті көрінісі баян етіледі.
1. Аспан мен жер арасындағы байланысты түсініп болдық па ?
2. Тіршіліктің түп бастауы қайда, бүгінгі шалқар әлем қалай пайда болды ?
3. Бастауы бар құбылыстың ақыры да болар ма?
4. Дүниеге тікелей және жанамалай әсер ететін Қүдіретті күш не ?
Міне, осы сұрақтардың жауабын «Батысқа сапар» романынан табуға болады.
Миң патшалығының бастапқы кезінде атақты этнограф ғалым, жазушы Ло Гуанжүң Қытайдың өткен тарихындағы аңыз-әңгімелерін халық арасынан жинақтады, соның негізінде атақты 4 романның бірі саналатын “Үш патшалық қиссасы” романын жазды, оған іле-шала екінші “Су бойында” романын Шы Найан жазды, үшіншісі біз сөз етіп отырған “Батысқа сапар” романын У Шыңын жазды, төртіншісі қытайлардың бас кітабы саналатын Цау Шуечин жазған “Қызыл сарайдағы түс” романы. Бұлардың барлығы да – үлкен “руханият шеңберінде” жазылған ғажайып роман болып саналады.
У Шынынның «Батысқа сапар» романы – ХVІ ғасырдан бері дүниенің түкпір-түкпіріне кеңінен таралған ең үздік шығарма және мифтік роман.
«Батысқа сапар» романы күні бүгінге дейін оқырманын жоғалтпаған, көрген сайын, оқыған сайын жаңа бір қыры ашылады. Ол балаларға да, ересектер талғамына да сәйкес, жас талғамайтын тамаша туынды. Алғаш рет киноға айналып 1967 жылы Гонконкта оқырманға жол тартқаннан, қазірге дейін 10 шақты рет қайталай киноға түсірілген, драмалық сахнада сансыз рет қойылған, балаларға арналып мультфильм де түсірілді. Қытайдағы барлық әлемдік діндер, миф, философия «Батысқа сапар» романында тоғысқанын анық аңғарамыз және сол феодалдық қоғамның шындығын, адамдық қатынас, мораль-этикесін жеткізу үшін ойдан да жазушылық қиялмен “жалған мен шынды” жалғаған кесек туынды.
Ежелгі қытайларда жалпы адамзатқа ортақ көз қарас болды, айталық; әлемнің жаратылысы, қоршаған ортаның ықпалы, тәңірге табыну, көп құдайлылық, (от, су, жаңбыр, боран құдайлары) ата-баба аруақтарына сиыну сынды сенімдерде болды. Уақыт ағымымен өзге өркениетпен тікелей және жанамалай араласты, өз аумағындағы әртүрлі тайпалар мен халықтардың мәдени дәстүрінің интеграциялық процесі жүрді, осылардың нәтижесінде өзіндік қытай өркениеті қалыптасты.
Ежелгі қытайлықтардың фетишизм, тотемизм, анемизм және магия сияқты көне наным-сенімдері болды. Сонымен бірге Чжоу дәуірінен бастап патша – Көк тәңірінің ұлы болып саналды және бұл мәртебе Қытай билеушісінің еншісінде деген түсінік ХХ ғасырға дейін сақталды /3.174б/
Жауласқан бектіктер дәуірі (б.з.б 475-221ж ) «Қытай философиясының алтын ғасыры» саналады, онда ежелден қалыптасқан қытайлық құндылықтардың орнына, жаңа философиялық ілім пайда болды. Олардың ең бастылары конфуций ілімі, даосизм, моизм және легизм.
Біздің мақаламыздың негізгі жүгі болып отырған У Шыңын жазған «Батысқа сапар» романы Будда дінімен тікелей, басқа идеологиялармен жанамалай байланысты.
Будда діні Қытайда б.э. І-ІІІ ғғ. тарала бастады. Қытайдың билеуші топтарының жаңа дінді ретінде ІV ғасырдан бастап мойындай бастады. Жергілікті синтезі нәтижесінде VІ ғасырда чань-буддизм (чань – медитация, қиялмен шолу) ілімі пайда болды. Оны уағыздаушы үнділік Бодхихарма деген адам болды. Қытай буддизмі толып жатқан бағыттар мен секталарға бөлінеді. VІ ғасырдан Х ғасырға дейін Будда діні Қытайда мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілді /3.175б/.
Фа-шунь (557-640) деген ғұлама негізін салған Хуаянь ілімі Тяньтай мектебінің ілімдерін жалғастырды. Ол ортағасырлық қытайлық философияға өз ықпалын тигізді: конфуциандық ілімдегі – «ли 礼» олар – заң, принцип, идеал деп түсіндірді, солай конфуцишілдер бұны қабылдады.
Чаньдық монастырларда міндетті түрде күнделікті еңбек, жаттығу, тыныс алу жаттығуларын жасады. Чань мектебі өзінің қарапайым және рухани еркіндігімен қытай поэзиясына зор ықпалын тигізді./3.186б/
Қытай тарихшыларының мәліметтері бойынша, мұсылмандар Таң әулеті (618-907 жж) билікке келген алғашқы жылдары қазіргі Шыңжияң жері арқылы келсе, ал оңтүстік-шығысында мұхит арқылы Гуаңжоу қаласына келді. Бұл кезде Қытайға Ислам дінін таратушылар арабтар мен парсылар болды. /5.193б/
Қытай Таң дәуірі кезінде Орталық Азия, Согдиан аймақтары, араб елдерімен тығыз байланыста болған. 742 жылы Қытайдың астанасы Чанъань қаласында (қазіргі Сиань) атағы елге жайылған光塔 мешіт, кейін тағы Үлкен Сиань мешіті соғылды [3.189 б]
1271-1368 жж. моңғолдық Юань әулеті билігі тұсында Қытайға саудагерлер, Ислам дінін уағыздаушылар, сонымен бірге атақты мұсылман отбасының өкілдерін көшіп келді. Миң әулеті Юань әулетінің салып кеткен жолын әрі жалғастырды. Осы әулет тұсында мұсылмандар арасынан бірқатар қоғам қайраткерлері, көрнекті қолбасшылар, ақындар шықты. Қытайда дінге еркіндік терең тамы жайды.
Бірақ қытайлар дінге келгенде, жеңімпаз не әлсізі деп бөле-жар қараған жоқ: мысалы қытайлық адам бір мезгілде даостық та, буддистік те храмдарға еш қамықпастан кіріп, шырақ жағып, тілек тілеп жалбарынады. Осыдан қытай халқында жиі мынадай фразеологизм қалыптасты: «Қытай даос болып туылады, конфуциан болып өмір сүреді, буддист болып өледі». /5.196б/
Таң дәуірінен бастап Сьянда тұрған мұсылмандар бір кварталды алады. Қытайда он мұсылан ұлт бар. Олар қытайдық барлық жерінде кездеседі. /3.196б/
Біздің бұдан түйетініміз, Қытайда көп діндік идеология қатар өмір сүрді. Жазушы У Шыңын осы ілімдерден құр алақан емес.
Қиял-ғажайып романдарды қиял-фантастикалық жағы басым, мазмұны сан алуан түрлі, адамды өзіне баурау қуаты күшті, романтикалық стильге ие, бас кейіпкерлері халықшыл, жұртына адал адам ретінде суреттелді.
Тарихқа көз салсақ, Қытайдың Даду (Бесбалық) Бейжің қаласын 1271 жылы Құбылай қалың әскерімен басып алып, Юан империясын (元朝) құрды, 1279 жылы қазіргі Қытай териториясының негізін қалады. Осы кезде Қытайда жаңа әдебиеттің негізі қаланды, атақты Гуан Ханчиң, Уаң Шыфу, Бай Фу, Ма Жыюн қатарлы өз заманының озық драма жазушылары әдебиетке басқаша сарын алып келді. Сахналық жаңа жанрдың аты “аралас драма” (杂剧) деп аталды, онда бастан-аяқ жазушы жалықпай жұмыс жасайды, яғни шығарманы өзі жазады, сахнада барлық кейіпкердің образына өзі кіреді, демек өзі сценарист, өзі режиссер, өзі актер болады. Осы кезең Қытай әдебиетінде сахналық шығармалардың алтын ғасыры саналады, бұл қаламгерлер әдебиеттегі “шындық пен жалғанды (幻与真)” жаңаша жалғады, халық арасына кең тараған аңыз, мифтерді өз шығармаларында сол күннің шындығымен өте тамаша ұштастырды.
Қытайда XIII ғасырдың соңғы жартысында басталған қиял-ғажайып дию-перілер әдебиеті XIX ғасырдың басына дейін жалғасты, Миң патшалығының соңғы кезінде дию-пері, жын-шайтан, аруақ сияқты тылсым күштерді қатыстырып ұзақ роман жазу тіптен қыза түсті.
神怪小说 Жиячиң патша тұсында өз бигіне жетті, онда буддизм құдайлары, жын-албасты, шайтанды кейіпкер етіп роман жазу үрдісі жедел дамыды: Шүй Жоңлин мен Лушишың жазған “Пың Чын яни”, Ли Шужин жазған “Жиң Хуаюан” романдары және Пу Сұңлиң жазған “Лияужай аңыздары” осы бағытта жазылған.
Жазушы У Шың 1501-1582 аралығында жасаған, шын аты Шужоң, лақап аты Шы Яаңшанрын, бұрынғы Шан ян, қазіргі Жияңсудың Хуйяң ауданының адамы. Әкесі У Шүй, шын аты Зы янши. Аумалы-төкпелі саяси жағдайда өмір сүрген, ұсақ саудагер болған. У Шыңын кішкентайынан қиял-ғажайып ертегі-аңыздарға қызыққан, атақты ойшыл Гымудың кітаптарын көп оқыған.
1550 жылы 50 жасында Бейжіңге келіп Кіжүй емтиханына қатысып, жолы болмайды, 6 жылдан соң кедейлік салдарынан өз туған жері Хүйанге келіп монах болады, 60 жасынан кейін Хаңжоуға кетеді, өмірінің соңына дейін сонда тұрады.
Романда Қытайдың Таң династиясының Будда ғұламасы (Дхармакария) Шуанзаң Сун Укүң, Жоу Бажиенің қорғауымен Үндістанға барып барып Будда номын алып келген шын тарихтың негізінде жазған, ал шығарма сюжетін кейпкерлердің жолда көрген қиыншылықтарын (қытайда ежелден және кейіннен келген және тағы басқа) ұлттық наным-сенімердің негізінде 1551-1560 жылдарда жазылған, жалпы кітап (20 бума) 100 тараудан тұрады.
«Батысқа сапар» атты романда адам айналасындағы көзге көрінбейтін, сезе бермейтін метафизикалық тылсым әлемді көз алдымызға жанды түрде береді. Ақыл жетпейтін шексіздікті көркем шығармада бейнелеуге тырысады. Шынмен өмірде адам баласының барлық ісі осы көзге көрінбейтін қоршаған ортамен тығыз байланыста болатындығын, соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіреді. Жазушының «батысқа сапар» романындағы бас кейпкерлеріне бірге назар салайық:
Романдағы бас кейпкер Шуан Заң (602-644) – тегі Чын, аты Хүй бұрынғы Ло аймағы, қазіргі Хынан өлкесінің адамы, буддизмді бойына сіңірген ұстаз, қытайлық буддистік ағымын қалыптастырған, тақуа ұстаз. Романда оның аты Таң санзаң немесе Таңсың деп жазылады, ол өте әдепті, тұла бойынан ізеттіліктің исі аңқыған, аңқау да адал ретінде суреттеледі. Үнемі ақ боз ат мініп жүреді. Ол өте білімді, білім оның жанына (рухына) сіңген кемел тұлға. Таңсыңның бүкіл болмысы арқылы Буддистердің немесе Қытайдағы барлық дін адамдарының нақтылы шын тұр- тұлғасын сомдайды.
Таң патшасы Таң Тайзұң 629 жылы өзінің құзіретін ұзарту мақсатында Шуан заңды Индияға Будда канондарын алып келуге жібереді. 657 бума Будда номдарын алып 644 жылы еліне оралады. Көрген-білгенін патшаға айтады. Сол кезде оның шәкірті Биянжи қағазға түсіреді, оны “Таң кезіндегі батысқа сапар” деп атайды. Ұстаздары қайтыс болған соң екі шәкірті “ұлы мейірімді Сан Заңның аңызы” деп қайта жазып шығады. Сондықтан романды У Шыңын жазған жоқ дейтін уәж де бар. 1920 ж. Лу Шүн мен Ху Шылар Чиың патшалығы кезіндегі ғалым Жоң Лүннің деректердің негізінде бір ауыздан жазушы У Шыңынды осы романның авторы деп бекітті. /2.128б/
Романдағы екінші бас кейіпкер Сун Укүң Барлық өнерді меңгерген. Ол Хуаго тауындағы маймылдар патшасы, шын аты Сүншиңжы. Осы сапраға Сун Укүң жол серік болып бірге шығады, себебі оның өнері сондағы адамдардың бәрінен үстем болды. Оған Буддист храмында бар өнерді меңгерткен алғашқы ұстазы Шүй Пити бұл сапардың аса маңызды әрі қиян-кескі күрделі екенін білген. Рухани сапардың солай болатыны заңдылық.
Сун Укүңның сан бейнеге өзгеруі, барлық қиыншылықта оның ақыл табуы, кез елген жерге көз ілестірмей барып келуі Қасиетті Құрандағы “Нәмл сүресі” №16-40 аяттарын еріксіз есіңе салады; Сүлеймен (ғ.с) әкесі Дәуіт(ғ.с) тің пайғамбарлық пен патшалығына мұрагер болды, оған құстардың тілі үйретілді және бар нәрсе тиеселі болды.
Сүлеймен (ғ.с) бір күні жындардан, адамдардан, құстардан жасақталған қалың әскер оның қолбасшылығында темірдей тәртіппен сап түзеп алға қарай жылжып келе жатты. «Құстардың ішінен һүдһүдті (бәбісек) көре алмадым, ол өз бетімен бір жаққа кетті ме? Себебі болмаса оны қатты жазалаймын» дейді.
Көп ұзамай бәбісек келеді. Сүлейменнің дәргейіне бас ұрып, жоқ болған себебін былай жеткізеді: «Сәба жерінде бір әйел патшалық құрып елді билеп отыр, оның әйел патшасының астында үлкен тағы бар екен, соған қарағанда оның билігі бекем, пәрмені күшті көрінеді. Алайда олар мына әлемді жаратқан Аллаға емес, Күнге табынады екен, шайтан оларға өз істерін дұрыс көрсетіп қойыпты, олар өздігінен тура жолға келмейді. Сіз оларды тура жолға шықырыңыз» деп, өтініш жасайды.
«Сен мына хатты алып олардың патшасы мен кеңесшілерінің алдына таста да, жауабын алып кел» дейді. Әйел патша уәзірлерімен хатты оқиды, ақылгөйлері «біз сіздің қандай шешіміңізге болса да дайынбыз» деп, бар шешімді патшаның өзіне қалдырады. Патша ойланып елшілер жібереді. Сүлеймен пайғамбар Балқис патшаның әкелген тарту-таралғысын алмайды. «Маған Алланың берген нығметі әлде қайда қайырлы әрі көп, сендер біреуге берген және алған нәрсеге мәз боласыңдар, патшаларың бағынсын, болмаса қалың әскеріммен еріксіз бағындырамыз» дейді.
Әйел патша Сүлейменге кеңесшілерімен бірге жолға шығады. Сүлеймен патша кеңес құрып: Уа, игі жақсылар! Олар менің алдыма келгенше, кім әйел патшаның тағын осы жерге алып келеді» дейді. Сонда жындардың ең мықтысы: сіз осы кеңесті бітіргенше сол тақты алдыңызға әкелемін дейді, сол сәтте Құранды терең меңгерген ерекше ілім иесі әулие адам: мен сол тақты көзіңізді ашып жұмғанша әкеліп беремін дейді, сол сәтте әлгі тақ Сүлеймен пайғамбардың дәл жанында тұрады [1.378-380 б].
Демек Сун Укүңды осындай әулиенің кейпінде суреттеген, әулиеде мекен, уақыт кедергісі болмайды, олар барам деген жеріне барады, келем деген жеріне келеді.
Сапар бастан-аяқ дию-пері, жын-албастылар жағынан және жол қиындығынан 9981 рет түрлі кедергіге тап болады. Осының бәрінде Сун Укүң ерекше өнер-қасиетімен жол табады. Ол 72 рет өз бейнесін өзгертеді. Әділдік сүйгіш, еркіндік аңсағыш өте жағымды, ұстазына адал кейпкер ретінде суреттеледі. Оның жын-перілердің ішіне еркін кіріп-шығуы, бұлтардың үстінде ұшып жүруі, жердің асты мен үстінде бірдей кезуі, мүлде шамасы келмей қалған тұстарда қосымша кейіпкер етіп пуса құдайларын көмекке шақырады.
Романдағы үшінші бас кейіпкер Ислам (猪八戒) атының өзі кездейсоқ емес. Жазушы әр кейіпкер үшін өте қатты ойланған. Қытайдың қазіргі заман атақты жазушысы Лу Шүн (1881-1936) шашын төбесіне түйіп жүретін, төңкеріс жасауды білмейтін кейіпкеріне қытайша иероглиф пен латынша “АQ” деп ат қоюы, ондағы “Q” әрпі төбесіне шаш қойған, немес ескі қытайдағы шашын өріп төмен түсірген әпербақандарды бейнелейді, сол сияқты жазушы У Шыңын жайдан-жай «Жу Бажие猪八戒» деп алмағаны айдан анық. Жазушының руханияттың билігінде өмір сүргенін байқау қиын емес. Мұндағы猪 (zhu) иероглифі “шошқа, доңыз” дегенді білдірсе, 八 (ba) иероглифі “сегіз” дегенді білдіреді, 戒 (jiе) иероглифі “тиылу, күнадан арылу” дегенді білдіреді. Жу Бажие өте ақкөңіл, ұстазға адал жан ретінде суреттеледі. Ол бір сұлу қызға ғашық болады, қыз оның кейпінен қорқып қашып жүргенде, сапарда келе жатқан Таң ұстаз бен Сун Укүң, Жу Бажиенің ішкі жан тазалығын көреді. Сол сәтте Сун Укүң сулу қыздың бейнесіне еніп, оны артынан ертіп жүріп, ақыры дегеніне көндіріп қатарына қосады.
Қытайлар ежелден туылған баланы бөтен адамға көрсетпей, атын да ешкімге айтпай, есейгенге дейін бірнеше түрлі ат қояды, бұл балаға тіл-көз тиеді деген наным-сенімнен. Ал Исламда бала туылғаннан қырқынан шыққанша бөтен кісіге көрсетпей бағады, себебі нәресте періште, ол кез-келген адамды рухани бейнесінде көреді. Оның көзінде күнә пердесі жоқ.
Қадір түні тағы басқа қасиетті күн мен түнде көктен періштелер жерге түскенде, тақуа құлдарды ғана адам бейнесінде көріп, қалған күнәда жүрген адамдарды күнәсінің деңгейіне қарай сан түрлі мақұлықтың бейнесінде көреді, демек кейбір адам ит формасында болса, кейбір адам қасқыр бейнесінде... Сондықтан бала шошып қалады. Нәрестенің жанынан 40 күнге дейін бір сәтке адам кетпейді, оны бала өз бейнесінде көрсе жүрегі шығып кетеді деп қарайды.
Романдағы Ислам үлкен 8 күнадан тиылған адам. Романда ол қашанда жақсылық жасап жүріп, күнаға ұрынады, сондықтан да оның шын рухани бейнесі күнасына қарай шошқа типінде алынған. Ол жақсылықа ұмтылады, адалдыққа жаны құмар, қамқор, жанашыр. Оның басы доңыз, денесі адам тәрізді сүйкміз бейнесіне қарамастан жақсы көресің. Қарап тұрып жаның ашиды. Шебер жазушы сола арқылы кәдімгі қарапайым адамның образын сомдалған.
Романдағы төртінші кейіпкер Ша Сың тағы бір аты У Жиң, Лю Ша өзенінің жағасындағы жын. Ол жүк көтеріп жүретін, қиын жағдайда көмек қолын беретін, ұстазға адал, оның ақ боз атын жетелейді.
Таң ұстаз, Ислам, Сун Укүң келе жатып алып Лю Ша өзенінен өте алмай дағдарады, сол кезде Ша Сың бұарға қарсы шабуылға шығады, сонда айлакер Сун Укүң оны жеңіп, қатарларына қосады. Ал романдағы ақ боз ат ең алғашқы Будда монахтың қытай жеріне мініп келген сәйгүлігі ретінде және жындардың атының түсі ақ болады деген түсініктің негізінде ақ түсті атты таңдаған. Ша Сыңның атты жетктеп жүруі де соның нышаны іспетті.
“Батысқа сапар” романын коммунистер өз мүдделері үшін әдемі пайдаланды. Романдағы Таңсыңды коммунистердің көсемі ретінде қабылдады, ал Исламні жай қарапайым жер емген сауатсыз халық өкілі деп білді, ал ондағы жын-шайтандарды Миң династиясы кезіндегі іріп-шіріген билеуші топас тоғышар, шонжар шенеуліктердің типтік өкілі деп білді. Олар феодалдық жүйеде халықты сол романдағыдай сансыз қинаулардың астына алды деп түсінді, оларды тек Сун Укүң сияқты батырлар жеңеді, бүгінгі комунистердің типтік образы Сун Укүң деп дәріптейді.
PS: Адам жаралғаннан күні бүгінге дейін бір тылсым күшті іздеді, ең алғашқы адамды кім жаратты, оның бүгінгі ата-бабасы қандай, айнала, қоршаған орта, жүгірген аң, ұшқан құс, аспан-жер, кез-келген есі дұрыс адам баласын ойландыратын нәрсе. Қытайдың атақты ақыны біздің жыл санауымыздын алғашқы 2000 жылдығында өмір сүрген Чүй Юан осы сұрақтарды өзіне қойып “көкке сұрақ” поэмасын жазған, бұл барлық ұлтта, барлық адамзатта болған сұрақ, осы сұрақтардың жауабын тек дін бере алады, алайда алғашқы түскен діндер адамдар тарпынан өзгертілді, ең соңғы түскен, ең сенімді қорғалған дін Исламда бұның барлық жауабы дайын. Осы шындық “батысқа сапар” романында өте жақсы бейнеленген.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әкімханов А., Анарбаев Н. Құран кәрім қазақша түсіндірмелі аударма.- Алматы, “Көкжиек баспасы”,2015ж
2. Юан Шиңфи. Қытай әдебиеті тарихы. (2-басылым) Жоғары педагогика баспасы. – Бейжің, 2007.
3. Уаң Фихұң. Қытай әдебиетінің қысқаша тарихы. Жилин университеті баспасы. – Чаңчүн, 2010.
4. Алдабек Н.А., Түргенбай А.Ә. Қытай діндерінің тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017
5. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы. Монография.– Үрімжі: ҚХР ШУАР баспасы, 1989ж.
5. 中国古代文学(上册)姜光斗主编-上海:华东师范大学出版社2009. 517页
6. Абдырақын Н. Жаңа заман қытай әдебиеті.– Алматы: Қазақ университеті, 2013
7. Ахметбекқызы С. Қажыкенова « Қытай әдебиетінің хрестоматиясы»
8. Абдырақын Н. Гау Лимиң Көне Қытай әдебиетінің хрестоматиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013
9. 中国古代文学(上下册) 蒋人杰主编-北京:高等教育出版社1997. 523页
10. 大学语文导读 徐绍建主编-武汉: 武汉大学出版社 2003年
11. Абдырақын Н. Қытай мифтерінің аудармасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012
12. 张明非主编。中国古代文学作品选, 广西师范大学出版社,2004
13. 郭预科衡主编。中国古代学史 上海:«上海古籍出版社», 1998
14. 钱华,刘德联主编 ,中国古代诗歌选读// 北京大学出版社 - 2004.- 231
15 吴承恩 西游记长篇小说 北京 金盾出版社。1997 全套两