Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Сарыала қаздың қанаты ілген...

Блогтар

16.05.2020
5268

Сарыала қаздың қанаты ілген...

  Өзім жайлы ...                  

 Кеудеме менің түнеші, шабыт пырағы , зулап кеп,

Жүректін түкпірлерінде жатқанда түндей   улап  дерт.

 Күйкі күндерім қажытқан жазыла   ма көңіл жарасы,

 Таңдарға дару  ұмтылсам тебірене - толғап , тулап кеп?

 Ерік те берсе ойларым, ойларым -  дара  хандарым,

 Құс бағым , өлең - жүрегім ұшырса балапандарын.

Ашылар сонда сарайым, арындап асау мінезім,

Тұра қалса тосып тау төсін, жер жайып алақандарын!

Өзгені қайдам, мен өзім іздедім биікті  даладан,

 Далалық адамдардан  да,қартынан да , тіпті баладан.

Аспанға самғап қанатым, көктемдей  тасып көңілім,

 Іздедім сенім даладан, арыма мәңгі  балаған!

 Ақтарыла шықса сырларым, кіршіксіз сезім тамшыдай,

 Қалайша  жатар едім мен қойнауын жырдың аршымай.

Зар емес, мұңым басымдау, алыстым арсыздықпенен,

 Алыстым қасаңдықпенен, жаһанда жалғыз жаршыдай...

Астамшыл емес едім мен, асқақтаумын -  ау бірақ та,

Қалтарыстарымды ақтарсам,аламын кейде жылап та.

Қайырсыздармен  алысу – қаныма сіңген қасиет,

Осалдығымды  аңғарсам – лақтырам дереу жыраққа.

 Түнілу менен торығу – жараспас маған, білемін,

  Көленке түссе көңілге – шілтерлі үміт ілемін.

  Жабыққан  күнім жырақтап жайына  кетіп жанымнан,

 Бір түп жусанға  түлеген шаттанам дағы күлемін.

 Кеудеме қонсаң , пырағым, аялап сені құшармын,

 Асау да асау ойларды қалайша қамап, тұсармын.

 Жасындай жаным жалт етіп,  ұмтылса қайта биікке,

  Сейілтіп түнектерімді кеудемнен сонда ұшар күн!

 Мейлі!

 Көк теңіздерден ескен жел, кеш дейді бәрі, кеш дейді,

 Өспейді дейді көк гүлдер, өспейді дейді, өспейді.

 Ерікті алып шат сезім, шат сезім -  бұла өскінім,

 Көк белден көшкен көктемдер, көңілімнен менің көшпейді!

               ***

 Үзілді тамшы көзінен гүлдін,

Мөлдір – ай, дерсің, лағыл ма?

Сарыала қаздың қанаты ілген,

Сағыныш сінді сағымға.

 Көңілден  барады неге  күз аңқып,

Не қайыр жалқы үміттен?

Жапырақ жылады, ауада қалқып,

 Боларың бұлай  біліп  пе ем?

 Күллі әлем балқыған  үлбір демінен,

  Ертегі  елі, аңыз кіл.

Бұлт шалған көктің қүлгін өнінен,

Төгіле жаздап тамыз тұр.

               ***

Сары белдерім – сағыныштарым,

 Қырат – қырқаларым -  Аспантау!

Неге бұлай  алып – ұшқаным,

Мекенім  менің аспанда – ау?

 Көзімде – күнім,

Көңілім – көктем,

 Жаным да жаздай жайдары,

 Қиялымменен  айды  құшқаным,

  Есіме оралып қайдағы!

 Аспандар  әлде мекенім бе еді,

 Құлдырап құласам арман жоқ!

 Көкжиекке сініп кетемін бе енді,

 Ілінер үміт қалған жоқ!

 Күндерді жамырап кеудемнен ұшқан,

 Айта алам қалай өлді деп?

  Шаттық әніне салады құстар,

 « Айналып көктем  келді « деп.

   Күлімкөз күнге, сырғалы айға,

   Не кінә – өкпем бар еді?

   Жанымнан үзіп, ұрлаған  жайлап,

   Уақыт патша да, тар еді.

  Өтер де кетер... көз жастың мынау ,

   Көмегі бар ма ендігі?

   Көңілде үміт әлде де тұр – ау,

    Егделіктің де бар – ау өрлігі.

   Мұң басым , кемшін қуаныштарым,

    Арманшыл кезім алыс па?

    Қарлығаш  қанат жұбаныштарым,

    Алып ұшыңдаршы ғарышқа!

     Аялы аспан, саяңа алшы,

      Ақ бұлтқа сіңіп кетейін.

      Өтінем тек -  мені аямандаршы,

       Аянышты болмай өтейін...

                      ***

Алға сонша жылдарым, асықтың-ау,

Бара жатыр көңіл де  жасып мынау.

Күнім аз-ау ,еркелер енді менің,

Өмір саған ,сонда да ғашықпын-ау.

 Жаз жаныма  жап – жасыл жасын түсіп,

 Жанарымнан жалт етіп шашылды шық.

 Кетті – ау ұшып көп күнім құс қанатта,

 Жүрегімді суырып, жасымды ішіп...

 Ұласты ма жас кеуіл мұңды күзге,

 Жайымды бұл, жақсы аға, білдіңіз бе?

Ұшты ау солай жаулығым, жасыл бағым,

Жарық дүние жалт етіп күлді бізге...

                 ***

Ақын әпкеге наз

Назым ба әлде, мұңым ба жүректегі,

Бір сөз айтқым келеді... тілеп нені?

Ақын әпке – ау,  шалғайда сарғайдым – ау,

Сырын айтар жан таппай жүдеп  тегі.

Жас та емен... еркінсіп жүрер әлі,

 Сартап көңіл демеймін күлер әлі.

Жан да емес ем сағы сына таусылатын,

Асқақ арын жүдемес жігер  әні.

 Сонда да   азынайды  армандарым,

Қу кеудеде  кім ұғар  арман барың?

 Айға ұлиды түнімен бөрі ойым,

 Алданғанмен айтысып арбалғаным.

Төзім тозып, таусылды  - ау тағатым да,

Өзегіме қалғандай мұң кептеліп.

Күзде кеткен тырналар қанатында,

сағыныштар оралды тізбектеліп..

Тағы да жүр уайым - шер қабаттасып,

Үміт арта , күдікті ерең ойлап.

Қызығу мен жабығу бір астасып,

Ой – теңізге барамын терең бойлап.

Белгісіз мұң қалмайды ... дүния алып,

Күнгейі мен терісі қабат екен.

Қуанышым мұнартты ... үрия жарық

Ол да бір өлшеуі кем сағат екен.

 

Атқақтап жүрек кейде өртенеді,

 Өзге ғой енді өмірдің еркелері.

 Беу, әпке, осылай дәурен көшеді ме,

Арман деген алданыш өшеді де...                     

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: