Басты бет
/
Блогтар
/
МАҚАЛА
/
Сөз жарасы көрінбейді

Сөз жарасы көрінбейді

14.05.2026 46

Кейде адамның денесіндегі жараны көруге болады, ал жүректегі жараны ешкім байқамайды. Ауыр сөз, орынсыз сын, мазақ-адамның жан дүниесіне із қалдырады. Сондықтан «Сөз жарасы көрінбейді» деген тіркес ғасырлар өтсе де өз маңызын жоғалтпайды.

Кей тұста адамға қол көтерудің қажеті жоқ-бір ауыз сөздің өзі оны іштей сындырып тастайды. Бүгінгі күнде «Неге жастар әлсіз, өлімге бір қадам жақын жүреді?»  деген сұрақ жасы үлкен буындарда санада жиі қалған. Ата-ана, қоршаған ортадан еститін сөз жастарға айрықша әсер қалдыруда. «Сенен ештеңе шықпайды», «қолыңнан келмейді» деген сөздер кей адамдардың жадында өмір бойы сақталып қалады. Сырттай бәрі қалыпты көрінгенімен, адамның ішінде үнсіз жара пайда болады. Өйткені тән жарасын көруге болады, ал сөзден қалған жара көзге көрінбейді. Психологиялық тұрғыдан қарастыра айтатын болсақ, бала күнде айтылып жадында жылдар бойы сақтаған адамдарға екі есе қиын. Себебі сенімсіздіктің пайда болуы осы балалық дұрыс емес сөзден тереңдетіле берген жарадан қалыптасады. Өсе келе, ол қоршаған ортадағы адамдардан, дос-жаран, әлеуметтік желідегі ауыр пікір, орынсыз әжуә, ашумен айтылған сөз-бәрі күлкіні бір сәтте-ақ алып кетуі мүмкін. Жастардың ойлау қабілеті әлбетте өзгеше, ал қабылдау болмыстары екі бөлек. Бірақ дөрекі сөз, ауыр сын жинала бере, жараны жылдар бері тырнаудан еш алшақтамайды. «Дұрыс сөйле» деген тіркестің өзі қайда жатыр, ауыздан шыққан әрбір сөздің айтушы тарапқа жеңіл көрінгенімен, қабылдаушы тараптың жүрегіне дақ түсіреді. Дегенмен, оны түсініп жатқан адам екінің бірі ғана.

Бүгінгі күнде біз бір бірімізді әлеуметтік желіде сөзбен шағып жейтін замандамыз. Біреудің осал жерін біліп алсақ болды, желіде қу қызыған әңгіме етіп жария қыламыз. Ол үлкен мәселе болып, талқынға түспегенше өсек, өтірік сөзден әрі баспаймыз. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар ауыр сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан әр адам сөйлер алдында сөзінің басқаға қалай әсер ететінін ойлауы керек. Себебі кей жара уақыт өте жазылса да, сөзден қалған із ұзақ уақыт ұмытылмайды. Байқамай айтылған сөз бөлек, біліп тұрып, жараға тұз себе айтылған сөз әлбетте басқа. Кей адамдардың әлсіз жағын сөзбен басу-адамгершілікке жат әрекет.

Адамдардың абыройы қазір сөзбен әлеуметтік желіге тіреле келеді. Дамыған заман деп көп айтамыз, дегенмен адамзаттың сөйлеу тактикасы дамудан қалып барады. Себебі біз сөзден ешқашан жеңілмейміз, сөзге анализ жасамаймыз, өз  пікірімізді айтсақ жеткілікті, кім қалай, не деп қабылдауы өз шаруасы. Қаншалықты ұлғайып, қара қазандай болған өкпесінде біздің уайым мүлдем жоқ.

Мағжан Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» деп қалдырған із ұраны есіме түссе, бір сәт жастарға назар аударамын. Айтатындары-бір әңгіме, ойлау түйсіктері басқа. Сөзден “жеп қалмасам болды” деген ұстанымға ерік. Бір бірін балағаттап, сын келтіруден бірінші орында, ал жақсы сөйлеу олар үшін-біртүрлі дүние. Жалпы жақсы сөздің маңызы өте терең: ол адамның ішкі күйін өзгертіп, сенімін күшейте алады. Бір ауыз жылы сөз кейде адамның көңілін көтеріп қана қоймай, оған алға ұмтылуға күш береді. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, қолдау мен мақтау адамда мотивация қалыптастырады. Қазақ мәдениетінде де «Жақсы сөз-жарым ырыс» деп бекер айтылмаған, яғни ізгі сөз адамның өміріне береке әкеледі деген ұғым бар. Жақсы сөз қайдан шығады? Адамгершілік , таза ниетті адамнан, жылулықтан шығады. Сондықтан дұрыс айтылған сөз тек қарым-қатынасты жақсартып қоймай, адамның тағдырына да оң әсер етуі мүмкін.

Пікір қалдыру: