2-нұсқа

Нұсқау: Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.

- Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы, Жылқысын көптігінен баға алмайды, Өлгені Тӛлегеннің рас болса, Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?..-деген жолдардағы Жібектің бойындағы қасиеті

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің негізгі идеясы

Бұқар жыраудың: «... Арқада Әбілмәмбет тӛренің Түйесін баққан құл едің. Абылай атың жоқ еді, Сабалақ атпен жүр едің...» - деп ханға өктем тіл қатқан толғауы

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романында суреттелген кезең

T.Айбергеновтің ӛлеңінен алынған үзіндіде қолданған фигураның түрі Cағыныш деп ұқ жүйткісе поезд босағасына әнді іліп, Cағыныш деп ұқ далалар жатса, қалалар жатса жаңғырып.

«Қонақтар» әңгімесіндегі терме орындайтын кейіпкер

Құнанбай бейнесінде қолданылған көркемдегіш құрал «...жалғыз сау көзі оның кӛтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып отырған күзетші сияқты...»

T.Ахтанов «Күй аңызындағы» Жаңылға тән тура мінездеме

Қасым Аманжоловтың ел арасына кеңінен таралған әні

M.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы оқиғаның шешімі

«Қыз Жібек» жыры үзіндісіндегі кейіпкер бейнесі Өліп қалған немеңді сонша мақтап, Kөкжорға ат астымдағы көзіңді сал.

Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы оқымысты, ғалым

«Біржан-Сара» айтысының көркемдік құндылығын танытатын жолдар

Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр» романының идеясы

I. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы мен Т.Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасының байланысы

«...жуан қоңыр дауыспен жеңіл бір әнді былқылдатып бастап кетті. Әнді толық айтпай, ортасынан үзіп тастап, домбырасын қайта бұрады...» T.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінен берілген эпизодқа тән кейіпкер

Aбай сынаған қазақтың ахуалы

T.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінде жаңа күйдің тууына себепші болған түлік

Cмағұл Елубайдың «Жалған дүние» романына арқау болған оқиға

M.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының негізгі ерекшелігі

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Mен туғанда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты. Содан өле-өлгенше өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді.
Жас күнінде ағаш ұстасы болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда тастамаған. Мұнда ол соққан сақина-білезікті салып жүрген көзі тірі кемпірлер бар.
Mомыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы келін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің өзі де: - Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, - деп отырады екен. Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай – бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген.
Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды – Момыш ауылы дейді екен. Шаруамыз шап-шағын еді. Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді-енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал, әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған.
Әкем базардан келе жатқан. Үлкен әпкем мені әкемнің алдынан алып шықты. Әкем қоржынды түзулеп, ерге мені отырғызды. Жалма-жан ердің қасынан шап беріп ұстай алдым. Әкем ат тізгінін жетектеп келеді. Үйге дейін отыз шақты қадам болса да, мен ердің екі жағына алма кезек ауытқып, қоржын ішіне сырғып түсе бердім. Әкем рахаттана күліп алып қайтадан ерге отырғызады. Әпкем болса қатарласа жүріп: «Қорықпа, қорықпа! Берік отыр!» - дейді.
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
– Кімнің баласысың? - деп сұрайтын ол.
– Мен Момыштың ұлымын.
– Момыш кімнің баласы?
– Момыш - Имаштың баласы.
Oсылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді

Mәтіннің негізгі ойы

Mәтін мазмұны бойынша ұл бала білуге парыз ұлттық құндылық

Баласына шаң жуытпайтын мейірімділігі мен адуындылығы қатар көрінетін кейіпкер

Mәтін мазмұны бойынша ер азаматқа тән қасиет

Mәтінде берілген жалпыадамзаттық құндылық

Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі.

Қорқыт жырындағы тура мінездеу(-лер)

Mұрат Мөңкеұлы шығармаларының тарихи құндылығы

Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының басты идеясына тән ұстаным(- дар)

Шоқанға тән нұсқа(-лар)

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романының кейіпкер(-лер)і

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Мұқашқа тән нұсқа(-лар)

T.Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесіндегі ұлттық құндылық(-тар)

Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесіндегі Алтынай тағдырымен мазмұндас туынды(-лар)

Cәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі символдық бейне(-лер)

M.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында Ноянның соңынан Баянның қуу себеп(-тер)і